-
Ақылды қыздар қырағылық таныттыИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Иса әлі де өзінің осында болуы мен заманның ақыры жақындап қалғанының белгісі жайлы сұраққа жауап беруде. Содан ол елшілеріне қажетті кеңес беру үшін, астарлы әңгіме айтып берді. Оның астарындағы жайттар Исаның “осында болу” кезіне қатысты.
Иса әңгімесін бастап: “Көк Патшалығы қолдарына шам алып, күйеужігітті қарсы алуға шыққан он қызға ұқсайды. Олардың бесеуі ақылсыз, бесеуі ақылды болыпты”,— деді (Матай 25:1, 2).
Иса мұнымен көктегі Патшалықты мұра ететін шәкірттердің жартысы ақылды, ал жартысы ақылсыз болады дегісі келген жоқ. Ол Патшалыққа қатысы бар ой айтқысы келді. Атап айтқанда, маңызды жайттарды назарда ұстап, қырағылық таныту немесе маңызсыз нәрселерге алаңдап, бейқамдық таныту әрбір шәкірттің өзіне байланысты. Бірақ Иса қызметшілерінің адалдық сақтай алатынына және Әкесінің батасын алатынына күмәнданған жоқ.
Әңгімеде он қыз күйеужігітті қарсы алып, үйлену тойының шеруіне қосылу үшін шығады. Күйеужігіт келгенде, олар шамдарын жағып, жолға жарық түсірулері керек. Осылай арнайы дайындалған үйге қалыңдығын әкеле жатқан күйеужігітке құрмет көрсетер еді. Бәрі ойдағыдай болды ма?
-
-
Ақылды қыздар қырағылық таныттыИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Елшілер әңгімедегі күйеужігіттің Исаға нұсқап тұрғанын түсінді. Өйткені ол бұрынырақта өзін күйеужігітке теңеген болатын (Лұқа 5:34, 35). Ал ақылды қыздар кімдер? Бірде Иса Патшалыққа кіретін “кішкене отар” жайлы сөзінде: “Белдерің буулы, шамдарың жағулы болсын”,— деген (Лұқа 12:32, 35). Сонымен елшілер астарлы әңгімедегі қыздардың өздері сияқты Исаның қызметшілері екенін түсінді. Алайда Иса бұл әңгімені қандай мақсатпен айтты?
-