-
Бақтағы жан азабыТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Бақтың кіре берісінде болса керек, Иса: “Мен ана жерге барып, сиынып мінажат еткенше, осында отыра тұрыңдар”,— деп сегіз елшісін сонда қалдырып, Петір, Жақып, Жохан үшеуін ертіп, бақтың ішіне кірді. Иса іштей қиналып, қатты мазасызданды. Ол үш елшісіне: “Жаным өлердей қайғырып тұр. Осында қалып, Менімен бірге ұйықтамай, сергек болыңдар!” — деді.
-
-
Бақтағы жан азабыТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Ешқандай да! Иса өзін өлімнен құтқаруын сұрамады. Оған бір кезде Петірдің құрбандық ретінде өлуден жалтару туралы айтқан ойдың өзі ауыр тиген. Бәрінен бұрын, Иса өзін жексұрын қылмыскер ретінде өлтіретіндігі Әкесінің атына кір келтіреді деп қорқады. Ол бірнеше сағаттан соң, Құдайға тіл тигізген оңбаған адам ретінде бағанаға шегеленіп өлтірілетінін сезіп тұр. Міне, оны мазалаған нәрсе — осы.
-