6-СҰРАҚ
Киелі кітапта Мәсіх жайлы не айтылған?
ПАЙҒАМБАРЛЫҚ
“Уа, сен, Бетлехем-Ефрата... Сенен менің атымнан Исраилге билеуші болатын біреу шығады”.
ОРЫНДАЛУЫ
“Иса Ирод патшаның заманында Яһудеядағы Бетлехем қаласында туылды. Бұдан кейін Иерусалимге шығыстан жұлдызжорамалшылар келді”.
ПАЙҒАМБАРЛЫҚ
“Олар киімімді бөлісіп алады, Көйлегім үшін жеребе салады”.
ОРЫНДАЛУЫ
“Сарбаздар Исаны бағанаға ілген соң, жамылғысын төртке бөлді... Көйлегін де алды, бірақ ол бастан-аяқ тігіссіз тоқылған еді. Сондықтан өзара: “Бұны жыртпай, жеребе тастап, кімге тиетінін көрейік”,— десті”.
ПАЙҒАМБАРЛЫҚ
“Оның барлық сүйегін қорғайды, Бірде-бір сүйегі сындырылмайды”.
ОРЫНДАЛУЫ
“Исаның жанына келгенде, оның өліп қалғанын көріп, аяқтарын сындырған жоқ”.
ПАЙҒАМБАРЛЫҚ
“Ол біздің қылмысымыз үшін түйрелді”.
ОРЫНДАЛУЫ
“Сарбаздардың бірі оның бүйіріне найзасын сұғып алды, сол сәтте қан мен су шықты”.
ПАЙҒАМБАРЛЫҚ
“Олар ақыма 30 күміс ақша өлшеп берді”.
ОРЫНДАЛУЫ
“Осыдан кейін Яһуда Исқариот есімді 12 елшінің бірі жоғарғы діни қызметкерлерге барып: “Оны қолдарыңызға түсірсем, маған не бересіздер?”— деп сұрады. Олар 30 күміс ақша беруді уәде етті”.