-
Құдайдың назарында таза жүрейікМәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
4. Жаман әдеттерді тастаңыз
Сіз темекі тартып я есірткі қабылдап жүрсеңіз, бұл әдеттерден арылу қаншалықты қиын екенін айтпай-ақ білетін шығарсыз. Сізге не көмек бола алады? Осы әдет сізге қандай зиян тигізетінін ойлап көріңіз. Матай 22:37—39 оқып, темекі мен есірткі өмірдің мына тұстарына қалай әсер ететінін талқылаңыздар:
адамның Ехобамен достығына;
оның отбасына және қасындағы адамдарға.
Жаман әдеттен арылу үшін жоспар құрыңызb. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.
Філіпіліктерге 4:13 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Үнемі дұға ету, Киелі кітапты зерттеу және қауымға қатысу адамға жаман әдетінен арылуға қалай күш береді?
5. Арам ойлар мен істерге тойтарыс беріңіз
Қолостықтарға 3:5 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:
Порнография, секстингc және мастурбация Ехобаның көзінде арам екенін қайдан білеміз?
Қалай ойлайсыз, Ехоба бізден күтетіндей, моральдық тұрғыдан таза бола аламыз ба? Неге?
Арам ойлармен қалай күресуге болатынын біліңіз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.
Моральдық тазалық сақтауға нық бекінуіміз керектігін Иса пайғамбар бір мысалмен түсіндірді. Матай 5:29, 30 оқып, сосын мына сұрақты талқылаңыздар:
Иса пайғамбар өзімізге зақым келтіруіміз керек деп айтқысы келмеген. Оның айтқысы келгені — бізге батыл әрекет ету керек. Адам арам ойлардан арылу үшін қандай батыл әрекеттерге бару керек?d
Сіз арам ойлармен күресіп жүрген болсаңыз, Ехоба мұныңызды бағалайды. Зәбүр 103:13, 14 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Арам әдетпен күресіп жүрсеңіз, осы жазба орны сізге еш берілмеуге қалай күш береді?
Жығылу — жеңілу емес!
Жаман әдетіңізді қайталап қойғанда, “болды, қолымнан келмейді” деп беріле салу оңай. Бірақ ойлап көрейікші: марафон жарыскері сүрініп құлап қалса, ол жеңіліп қалды деген сөз емес қой. Оған жарысты да басынан бастаудың қажеті жоқ, әрі қарай жалғастырса болады. Сол сияқты жаман әдетке бой алдырып қойсаңыз, бұл — жеңілгеннің белгісі емес. Осыған дейін де күш салғаныңызды бекершілік деп ойламаңыз. Сүрінбейтін тұяқ жоқ демекші, сүріну — пендеге тән құбылыс. Сондықтан еш берілмеңіз! Ехобаның көмегімен сіз жаман әдетіңізді жеңесіз.
-
-
Киелі кітапта ішімдік туралы не айтылған?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
6. Ішкілікпен күресіңіз
Бір ер кісіге ішкілігін қоюға не көмектескенін біліңіз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:
Ішкен кезде Дмитрий қандай болып кететін?
Ол ішуді бірден қоя алды ма?
Ішімдікке тәуелділігін ол ақырында қалай жеңді?
Қорынттықтарға 1-хат 6:10, 11 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Киелі кітапта маскүнемдікке қатысты не айтылған?
Ішкіш адамның өзгере алатынын қайдан білеміз?
Матай 5:30 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Бұл жерде “қолыңды шауып таста” деген Ехобаға ұнау үшін бір нәрседен бас тарту керек дегенді білдіреді. Ішкілікпен күресіп жүрсеңіз, сіз не істей аласыз?a
Қорынттықтарға 1-хат 15:33 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Тым көп ішетіндермен араласатын болсаңыз, бұның қандай салдары болуы мүмкін?
-