-
Қуғын кезіндегі уағызға дайындадыИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Жұп-жұпқа бөлген шәкірттерін уағыздауға жіберіп жатып, Иса оларға тиімді нұсқаулар берді. Алайда ол мұнымен шектелмей, оларға қарсылыққа кезігетіндерін де ескертті. “Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қойлардай жіберіп отырмын... Адамдардан абай болып жүріңдер, себебі олар сендерді жергілікті соттарға ұстап береді және мәжілісханаларында дүре соғады. Менің шәкіртім болғандарың үшін сендерді билеушілер мен патшалардың алдына сүйреп апарады”,— деді (Матай 10:16—18).
-
-
Қуғын кезіндегі уағызға дайындадыИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Иса 12 елшісіне тиімді нұсқаулар берді, маңызды ескертулер айтты және жігерлендірді. Бұл нұсқаулар Иса өліп, қайта тірілгеннен кейін уағыз ісіне атсалысатындарға да қатысты. Мұны оның “жұрттың бәрі сендерді жек көретін болады” деген сөздерінен көреміз. “Жұрттың бәрі” деген елшілердің уағызын тыңдаған адамдар ғана емес. Оның үстіне, Ғалилеядағы қысқа уағыз сапары кезінде елшілерді ешкім билеушілер мен патшалардың алдына апарған жоқ және отбасы мүшелері өлімге душар еткен жоқ.
Иса елшілеріне осы нұсқауларды бергенде, болашақты ойда тұтқаны анық. Мысалға, “Адам Ұлы келгенше” шәкірттердің Исраилдің барлық қалаларын аралап үлгермейтіні жайлы сөзге көңіл бөлейікші. Мұнымен ол ұлылыққа бөленген Патша ретінде Құдай сотын орындауға келгенге дейін шәкірттері Құдай Патшалығын толық уағыздап бітпейтініне меңзеді.
-