-
Қайсысы жақсы болатынын білмейсіңКүзет мұнарасы, 2008 | 15 шілде
-
-
Ау туралы астарлы әңгіме
15, 16. а) Ау туралы әңгімені қысқаша айтып беріңдер. ә) Ау нені бейнелейді және бұл астарлы әңгімеде Патшалық өсімінің қай қырына көңіл аударылады?
15 Иса Мәсіхтің шәкіртіміз деушілердің санынан гөрі “сапасы” маңызды. Ау туралы астарлы әңгімесінде Иса Патшалық өсімінің осы қырына көңіл аударған. Ол: “Құдай Патшалығын көлге тасталғанда әр түрлі балықтар түсетін аумен де салыстыруға болады”,— деді (Мат. 13:47).
16 Патшалық туралы уағыздау ісін бейнелейтін ауға әртүрлі балықтар түседі. Иса әңгімесін былай деп жалғастырады: “Ау толғанда оны жағаға шығарып, отыра қалып, жақсыларын ыдысқа жинап алып, нашарларын лақтырып тастайды. Ақыр заманда да осылай болмақ: періштелер келіп, жамандарды әділдерден ажыратып, жанып тұрған ошақ іспетті тозақ отына лақтырады. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады” (Мат. 13:48—50).
17. Ау туралы әңгімеде қай кезде болатын ажырату ісі жайлы айтылған?
17 Бұл жерде ғаламат ұлылықпен келген Иса қойларды серкелерден ажырататын соңғы сот жөнінде айтылып тұр ма? (Мат. 25:31—33). Жоқ. Аталмыш сот Иса ауыр азап кезінде келгенде жүзеге асырылады. Ал ау туралы әңгімеде “ақыр заманда”c орын алып жатқан ажыратылу жайында айтылған. “Ақыр заман” — соңында ауыр азапқа ұласатын біз өмір сүріп жатқан уақыт. Ендеше ажырату ісі қалай жүзеге асырылып жатыр?
18, 19. а) Бүгінде ажырату ісі қалай жүзеге асырылып жатыр? ә) Ақжүректі адамдардың не істегені маңызды? (21-беттегі сілтемені де ескеріңдер.)
18 Бүгінде адамзат теңізінен шыққан миллиондаған бейнелі балықтар Ехобаның ұйымына ағылып жатыр. Олардың кейбірі Еске алу кешіне келсе, өзге біреулері кездесулерге келіп тұрады, ал тағы біреулері Киелі кітапты зерттеуге қарсы емес. Бірақ олардың бәрі шынайы мәсіхшілердің қатарына қосылып жатыр ма? Олар ‘жағаға шығарылған’ болар, алайда Иса мәсіхшілер қауымын бейнелейтін ыдысқа тек ‘жақсы’ балықтардың ғана жинап алынатынын айтты. Нашар балықтар лақтырылады да, ақырында, жойылуды білдіретін жанып тұрған ошаққа тасталады.
19 Астарлы әңгімедегі нашар балық іспетті болып шыққандар да бар. Мысалы, кезінде Киелі кітапты зерттеуді бастағандардың біразы оны тоқтатқан. Ал мәсіхші отбасында өскендердің кейбірі Исаның соңынан еруді ешқашан шындап қаламаған. Олардың Ехобаға қызмет етуге ықыласы болмаған немесе қызмет етуді шешкен күннің өзінде бұлары ұзаққа созылмағанd (Езек. 33:32, 33). Алайда барлық ақжүректі адамдардың соңғы сот күні келмей тұрып, ыдысқа теңелген қауымдарға келіп, қауіпсіз жерде қалғандары өте маңызды.
-
-
Қайсысы жақсы болатынын білмейсіңКүзет мұнарасы, 2008 | 15 шілде
-
-
20, 21. а) Жоғарыда қарастырған Исаның астарлы әңгімелерінен өсімге қатысты не білдік? ә) Сен не істеуге бел будың?
20 Сонымен, жоғарыда қарастырған Исаның астарлы әңгімелерінен өсімге қатысты не білдік? Біріншіден, қыша дәнінен үлкен өсімдік өсіп шығатыны сияқты, жер бетінде Құдай Патшалығы кереметтей өсуде. Ехобаның ісінің кең тарауына ештеңе кедергі бола алмайды! (Ишая 54:17). Бұған қоса, ‘[осы ағаштың] саясынан пана’ іздегендер рухани қорғаныш табуда. Екіншіден, өсімді Құдай береді. Ашытқының бүкіл қамырды қалай ашытатыны көрінбейтіні іспетті, өсім де үнемі көзге көріне немесе түсінікті бола бермейді, бірақ міндетті түрде болады. Үшіншіден, ізгі хабарды қабылдағандардың бәрі “жақсы балық” бола бермейді. Исаның астарлы әңгімесіндегідей, нашар болып шығатындары да болады.
-
-
Қайсысы жақсы болатынын білмейсіңКүзет мұнарасы, 2008 | 15 шілде
-
-
c Матай 13:39—43 тармақтардағы астарлы әңгімеде уағыздау ісінің басқа қырына көңіл бөлінгенімен, ол ау туралы астарлы әңгімемен бір уақытта, атап айтқанда “ақыр заманда”, орындалуда. Бейнелі балықты ажырату да — тұқым себу мен егін ору сияқты біраз уақытқа созылатын іс (“Күзет мұнарасы” (ор.) 15 қазан 2000 жыл, 25, 26-беттер; “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” 178—181 беттер, 8—11 абзацтар).
-