-
Жүзімдік жайлы екі мысалИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Бұдан кейін Иса тағы бір мысал айтты. Бұл жолы ол дінбасыларының қызметке деген немқұрайдылығынан да сорақы ісін — залымдығын — әшкереледі. “Бір кісі жүзім бағын отырғызып, оны айналдыра қоршау орнатады,— деді Иса. — Сосын жүзім сығатын орын жасап, мұнара тұрғызады. Бұдан соң бағын жүзімшілерге жалға беріп, өзі басқа елге сапарға аттанады. Мерзімі жеткенде ол өнімнен өз үлесін алу үшін жүзімшілерге бір құлын жұмсайды. Бірақ олар оны ұстап алып, ұрып-соғып, құралақан қайтарады. Ол тағы бір құлын жібергенде, оның басын жарып, қорлық көрсетеді. Өзге біреуін жұмсағанда, оны өлтіріп тастайды. Ол басқа да көптеген адам жібереді, бірақ олар бірін соққыға жығып, бірін өлтіреді” (Марқа 12:1—5).
Тыңдаушылары Исаның бұл мысалын түсінер ме екен? Кезінде Ишая пайғамбар да осыған ұқсас ой айтқан. Оның: “Ехобаның жүзімдігі — Исраил үйі, Оның жақсы көретін көшеті — Яһуда елі. Ол әділдікті күткен еді, Бірақ әділетсіздік жасалып жатқанын көрді”,— деген сөздері олардың есінде болса керек (Ишая 5:7). Исаның мысалындағы жүзімдіктік иесі — Ехоба, жүзімдік — Исраил халқы. Құдайдың Заңы оларға қоршау іспетті қорғаныш болып келген. Халқына тәлім беріп, игі жеміс беруге көмектесу үшін, Ехоба талай рет пайғамбарларын жіберген.
-
-
Жүзімдік жайлы екі мысалИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Осылайша олар аңдамай өздеріне үкімді өздері айтып салды. Өйткені олар Исраил халқын бейнелеген “жүзімдіктегі” “жүзімшілердің” бірі еді. Олардан Ехобаның орынды түрде күткен игі жемістердің бірі — Ұлына, яғни Мәсіхке, сену болатын. Сондықтан Иса дінбасыларына қарап, былай деді: “Жазбадағы келесі сөздерді ешқашан оқымап па едіңдер? Онда: — Құрылысшылар бас тартқан тас негізгі бұрыштық тасқа айналды. Біздің көз алдымыздағы бұл керемет істі жасаған — Ехоба,— делінген ғой” (Марқа 12:10, 11). Сосын: “Міне, сондықтан да сендерге былай деймін: Құдай Патшалығы сендерден алынып, оған лайық өнім әкелетін басқа халыққа беріледі”,— деп ашығын айтты (Матай 21:43).
-