-
Жаны өлердей қайғырғанда Иса дұға еттіИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Зәйтүн ағаштары жайқалып өскен баққа келгенде, Иса сегіз елшісіне: “Мен ана жерге барып дұға айтып келгенше, осында отыра тұрыңдар”,— деді. Соған қарағанда, оларды бақтың кіреберісінде қалдырды. Тек Петірді, Жақып пен Жоханды ертіп, бақтың ішіне кіріп кетті. Бір уақытта қатты мазасы кеткен Иса әлгі үшеуіне: “Жаным өлердей қайғырып тұр. Сендер осында қалып, менімен бірге сергек болыңдар”,— деді (Матай 26:36—38).
-
-
Жаны өлердей қайғырғанда Иса дұға еттіИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Иса көкте болған кезінде, Рим билеушілерінің адамдарға қаншама қиянат жасағанын, оларды аяусыз өлтіргенін көрген. Қазір Исаның өзі ет пен сүйектен жаратылған адам, әрі азап шегу сияқты сезімдер оған жат емес. Сондықтан ол өлгісі келіп тұрған жоқ. Бірақ бәрінен бұрын Исаның жанын қатты қинап тұрған — жексұрын қылмыскер ретінде өлімге кесіліп, Әкесінің атына кір келтіруі мүмкін деген ой. Бірнеше сағаттан соң оны Құдайға тіл тигізген адам ретінде бағанаға шегелеп өлтіреді.
-