ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МАРҚА 3, 4
Демалыс күні сауықтыру
Неге Исаны яһуди дінбасыларының көзқарасы қатты қайғыртты? Өйткені олар сансыз көп майда-шүйде шектеулер қосуларымен Демалыс күнін ауыртпалық етіп жіберген. Мәселен, сол күні бүргені өлтіруге тыйым салынған. Ал адамды сауықтыру тек өміріне қауіп төнсе ғана заңды болған. Демек, бір жерін сындырып я шығарып алған адамға Демалыс күні ешқандай жәрдем берілмеу керек еді. Дінбасыларының қолы семіп қалған кісіге немкетті қарағаны да содан.