-
Жоғалған ұл туралы астарлы әңгімеТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Ол әңгімесін әрі қарай жалғастырып: “[Ол] ішінен былай дейді: Әкемнің соншама жалшылары нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым. Қой, жолға шығайын, әкеме қайтып барып: Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен деймін. Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады”,— деді.
Мынаған назар аударшы: егер де ұлы үйінен кетер кезде әкесі оған қатты ашуланып, айғайлаған болса, онда баласы үйіне қайтып оралу туралы екі ойлы болар еді. Ол, мүмкін, еліне оралып, бірақ әкесінің жүзін көрмейтін басқа бір жерден жұмыс іздер ме еді. Алайда оның ойына мұндай ойлар кіріп те шықпайды. Оның үйіне оралғысы келеді.
-
-
Жоғалған ұл туралы астарлы әңгімеТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Исаның астарлы әңгімесіндегі жоғалған, немесе адасқан, ұл үйіне қайтып оралғанда, оны қалай қарсы алады екен? Мұны Иса қалай суреттейтінін тыңдап көрейікші. Ол былай деп жалғастырды: “Ол әлі де алыста келе жатқанда әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді”. Қандай мейірімді, қамқор әке десеңші! Ол көктегі Әкеміз Ехобаны өте көркем бейнелейді.
Сірә, әкесі баласының азғындық жолға түсіп кеткенін естіген болса керек. Бірақ ол егжей-тегжейін сұрап жатпай-ақ, баласын қуанышпен қабылдайды. Иса да осындай рух танытып, адасқан ұлды бейнелейтін күнәкарлар мен салықшыларға көмектесуге бірінші болып қадам жасады.
Әрине, баласының аянышты түрін, мұң басқан жанарын көргенде, қырағы әке оның өзінің істеріне өкінетіндігін байқайды. Әкесінің бірінші болып алдынан шығуы баласының істеген күнәларын мойындауына көмектеседі. Иса былай деп әңгімеледі: — Баласы оған: “Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен”,— дейді.
-