-
Адасқан ұлдың оралуыИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Бұл кезде үлкен ұлы егіндікте болатын. Иса ол жайлы былай деді: “Ол қайтып келе жатып, үйге жақындағанда, әуен ойнап, би билеп жатқандардың даусын естиді. Сонда ол қызметшілердің бірін шақырып алып, не болып жатқанын сұрайды. Қызметші: — Ініңіз қайтып келді. Оның аман-есен оралғанына әкеңіз бордақыланған торпақ сойды,— деп жауап береді. Ол бұған ашуланып, үйге кірмей қояды. Сонда әкесі шығып, ішке кіруін өтінеді. Бірақ ол әкесіне: — Мен сізге қаншама жылдан бері тер төгіп еңбек етіп келемін, сөзіңізді екі еткен емеспін. Бірақ сіз маған достарымен көңіл көтерсін деп, тым болмаса, лақ та берген емессіз. Ал дүние-мүлкіңізді жезөкшелермен жүріп шашып-төккен мына ұлыңыздың келгені сол-ақ екен, оған арнап бордақыланған торпақ сойып отырсыз,— деп айтады” (Лұқа 15:25—30).
Исаның қарапайым адамдарға және күнәкарларға көңіл бөліп, рақымды болғанын үлкен ұл сияқты жақтырмаған кімдер еді? Парызшылдар мен дін мұғалімдері. Олардың бұрыс көзқарас танытқаны астарлы әңгімеден анық көрінеді. Сонымен Құдайдың рақымдылығын сынап-мінейтін кез келген адам астарлы мәні бар осы әңгімеден сабақ алу керек.
-
-
Адасқан ұлдың оралуыИса пайғамбар — жол, шындық, өмір
-
-
Осы сөзден кейін үлкен ұлдың қалай әрекет еткені жайлы Иса ештеңе айтқан жоқ. Алайда Иса өліп, қайта тірілгеннен кейін, оған “көптеген діни қызметкерлер де сене бастады” (Елшілердің істері 6:7). Бұлардың ішінде қайта оралған ұл туралы әңгімені тыңдаған діни қызметкерлер де болса керек. Демек, олар да ақылға келіп, күнәсіна өкініп, Құдайға бет бұра алды.
-