-
Бай кісі мен ЕлазарТарихтағы ең ұлы адам
-
-
“Бір кісі бай болып, қымбат қырмызы шапан мен сәнді киімдер киіп, күн сайын салтанатты той жасап жүретін,— деп бастайды Иса әңгімесін.— Ал қақпасының алдында Елазар есімді бір мүсәпір жататын, оның тұла бойы түгелдей іріңді жара еді. Мүсәпір байдың дастарқанынан түскен қалған-құтқанды жеп тойынсам деп аңсайтын. Тіпті иттер келіп, жараларын жалап кететін”.
-
-
Бай кісі мен ЕлазарТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Бай кісі арқылы суреттелген бұл өр көкірек таптың адамдары кедей де қарапайым халыққа жеркенішпен қарап, оларды ам-хаарец, яғни жер адамдары деп атайды. Осылайша, мүсәпір Елазар дінбасыларының тарапынан елеусіз қалып, рухани мұқтаждықтары қанағаттандырылмай отырған адамдарды бейнелейді. Дінбасылары қарапайым халыққа тұла бойын іріңді жара басқан Елазарға қарағандай қарайды, яғни оларды иттермен ғана тұруға лайық рухани аурулар деп есептейді. Ал Елазардың тобына жататындар болса ашығып, рухани тамақты аңсайды. Сондықтан да олар байдың дастарқанынан түскен рухани нанның қиқымын теріп алу үшін, оның қақпасының алдынан кетпейді.
-