-
Жүзімдік туралы астарлы әңгіме арқылы әшкерелеуТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Содан соң Иса дінбасыларының қателіктері тек Құдайға қызмет етпегендіктерінде ғана еместігін тағы бір көрнекі мысалмен көрсетті. Олар шын мәнінде зұлым, арам адамдар. “Бір қожайын — деп бастады Иса әңгімесін,— жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап, жүзім шырынын сығып алатын орын жасап, күзет мұнарасын салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады. Жеміс піскен мезгілде, өнімінен өзіне тиесілі үлесін алу үшін қызметшілерін жұмсайды. Бірақ жүзімшілер қызметшілерді ұстап алып, біреуін ұрып-соғып, өзгесін өлтіріп, тағы біреуін таспен атқылайды. Қожайын бұрынғыдан да көбірек қызметшілерін жібереді, бірақ әлгілер оларға да алдындағыдай істейді”.
“Қызметшілер” дегеніміз — пайғамбарлар. Оларды “қожайын”, яғни Ехоба Құдай, өзінің “жүзімдігіндегі” “жүзімшілерге” жібереді. Жүзімшілер — Исраил халқының басқарушы өкілдері, ал халық болса, Киелі кітапта көрсетілгендей, Құдайдың “жүзімдігі” ретінде бейнеленген.
-
-
Жүзімдік туралы астарлы әңгіме арқылы әшкерелеуТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Осылайша, ойланбастан, олар өздеріне-өздері үкім шығарды. Себебі олар да Ехобаның ‘жүзімдігіндегі’, яғни Исраил халқындағы, ‘жүзімшілердің’ қатарына жатады. Ехобаның бұл “жүзімшілерден” күтетін жемісі — Оның Ұлына, шынайы Мәсіхке сену. Алайда олар бұндай өнімді бермеді, сондықтан Иса оларға ескертіп: “Киелі жазбадан [Забур 117:22, 23] мынаны ешқашан оқымап па едіңіздер: — Құрылысшылар керегі жоқ деп бас тартқан Тас енді үйдің басты іргетасына айналды! Осы көз алдымыздағы ғажап керемет іс — Жаратқан Иеміздің жүзеге асырғаны! Сондықтан да айтамын: Құдай өз патшалығын сендерден тартып алып, басқа бір халыққа тапсырмақ! Олар оның өнімін беріп тұратын болады. Әлгі тасқа құлаған әркім быт-шыт болады! Үстіне осы Тас құлаған жаншылып қалады!” — деді.
-