-
Уағыз ісінің жемісі. Егін пісіп, жинауға дайын тұрҚұдай Патшалығы билік етуде!
-
-
1, 2. а) Неге шәкірттері Исаның сөздерін түсінбеді? ә) Иса қандай науқан жөнінде айтты?
ИСА шәкірттеріне: “Бастарыңды көтеріп, егіндікке көз салыңдар, ол пісіп, жинауға дайын тұр”,— деді. Бірақ олар ештеңе түсінер емес. Өйткені Иса нұсқаған жаққа қарағанда, олардың көргені — пісіп тұрған егін емес, енді ғана көктеп шыққан арпа. Шәкірттер іштей: “Жинауға дайын тұрған егін қайсы? Науқанға дейін әлі бірнеше ай бар ғой”,— деп ойлаған шығар (Жох. 4:35).
2 Алайда Иса кәдімгі егін жинау науқаны жайлы айтқан жоқ еді. Ол осы жағдайды пайдаланып, шәкірттеріне рухани науқан — адамдарды жинау науқаны жөнінде маңызды екі жайтты түсіндірді. Бұл қандай жайттар? Мұны білу үшін осы оқиғаға үңіліп көрейік.
Іске кірісуге талпындыру және қуаныш туралы уәде
3. а) Исаны: “Егіндік... пісіп, жинауға дайын тұр”,— деуге не талпындырған болуы мүмкін? (Сілтемені де қараңыз.) ә) Ол айтқан сөздерін қалай түсіндірді?
3 Иса мен шәкіттерінің арасындағы әңгіме б. з. 30 жылының соңына таман Самариядағы Сихар деген қаланың маңында болған еді. Шәкірттері қалаға кеткенде, Иса құдықтың басында қалып, бір әйелге рухани жайттарға қатысты шындықты айтты. Әйел болса оның тәлімдерінің маңыздылығын бірден ұқты. Шәкірттер қайтып келгенде, ол өзі естіген керемет хабарды көршілеріне айту үшін асығыс қалаға беттеді. Оның айтқандары қала тұрғындарына қатты әсер етіп, Исаны көру үшін олар құдыққа қарай асықты. Сірә, Иса “егіндікке көз салыңдар, ол пісіп, жинауға дайын тұр” деген сөздерін егіндік жақтан өзіне қарай келе жатқан самариялықтарды көргенде айтса керекa. Сосын ол кәдімгі емес, рухани мағынадағы егін жинау туралы айтқанын түсіндіру үшін: “Егін орушылар... мәңгілік өмірге арналған өнімді жинап жатыр”,— деді (Жох. 4:5—30, 36).
4. а) Иса орақ ісіне қатысты қандай екі жайтқа нұсқады? ә) Біз қандай сұрақтарды қарастырамыз?
4 Иса рухани орақ ісіне қатысты маңызды екі жайтқа нұсқады. Біріншіден, бұл — қауырт іс. Иса егін пісіп, “жинауға дайын тұр” деуімен шәкірттерін әрекетке талпындырған. Ол істің қауырт екенін көрсету үшін: “Қазірдің өзінде егін орушылар жалақыларын алып... жатыр”,— деді. Иә, науқан басталып қойған еді, сондықтан кідіруге болмайтын! Екіншіден, бұл — қуанышқа бөлейтін іс. Иса егінді еккендердің де, жинағандардың да “бірге қуанатынын” айтқан (Жох. 4:35ә, 36). “Самариялықтардың көбісі” өзіне сенгенін көргенде, ол қуанған болу керек. Бар жан-тәндерімен орақ ісіне қатысқан Исаның шәкірттері де зор қуанышқа бөленбек еді (Жох. 4:39—42). Бірінші ғасырда болған бұл оқиғаның біз үшін ерекше мәні бар, өйткені ол бүгінгі таңдағы бұрын-соңды болмаған орақ ісіне нұсқайды. Бұл іс қашан басталды? Оған кімдер атсалысуда және ол қандай жеміс әкелуде?
-
-
Уағыз ісінің жемісі. Егін пісіп, жинауға дайын тұрҚұдай Патшалығы билік етуде!
-
-
a Түпнұсқада: “[Егін] ағарып, жинауға дайын тұр”,— делінген. Исаның бұлай деуінің себебі — оған қарай келе жатқан самариялықтардың киімі ақ болған болуы мүмкін.
-