-
“Өз жанын қиятын уақыты әлі болмаған еді”Күзет мұнарасы. 2000 | 1 желтоқсан
-
-
17. а) Переяда қызмет етіп жүргенде Иса қандай шұғыл хабар алды? ә) Исаның алдағы ісінің мақсатын және оқиғаның болуы керек уақытын білгендігі қалай көрінеді?
17 Бұл шұғыл хабар Елазардың Иудеядағы Бетанияда тұратын Марта және Мәриям деген бауырларынан келеді. “Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр”,— дейді хабаршы. “Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды”,— деп жауап береді Иса, — “қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеу үшін септігін тигізеді: ол арқылы Құдай Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді”. Көздеген мақсатына жету үшін Иса тоқтаған жерінде әдейі тағы екі күн болады. Сосын ол шәкірттеріне: “Иудея аймағына қайта барайық”,— дейді. Олар аң-таң болып: “Ұстаз, иудей діндарлары күні кеше ғана Сізді тас лақтырып өлтіргісі келмеп пе еді? Шынымен тағы сол жаққа бармақсыз ба?” — деп жауап береді. Бірақ Иса ‘бір күндегі сағаттың’, немесе оның жердегі қызметі үшін Құдайдың белгілеген уақытының, өте аз қалғанын түсінеді. Иса өзінің не істеуі керек екенін және не үшін істеуі керек екенін жақсы біледі (Жохан 11:1—10).
-
-
“Өз жанын қиятын уақыты әлі болмаған еді”Күзет мұнарасы. 2000 | 1 желтоқсан
-
-
21. Елазарды қайта тірілткендегі керемет не нәрсенің басталуына жол ашты?
21 Сонымен Бетанияға баратын сапарын кешеуілдеткендіктен Иса байқалынбай қалуы мүмкін емес керемет іс жасайды. Құдайдың берген күшінің арқасында ол өлгеніне төрт күн болған адамды қайта тірілтеді. Тіпті керемет істер Жасаушыны өлім жазасына кескен беделді, жоғарғы кеңестің өзі де мұны мойындауға мәжбүр болады! Осы керемет Исаның қызметіндегі маңызды кезеңнің, яғни “уақыты әлі болмаған” кезеңнің “уақыты келген” кезеңге алмасатын шақтың, басталуына жол ашады.
-