-
Ехоба қандай Құдай?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
3. Бізді жақсы көретінін Ехоба қалай көрсетеді?
Ехобаның ең көркем қасиеті — сүйіспеншілік. Киелі жазбаларда: “Құдай — сүйіспеншілік”,— делінген (Жоханның 1-хаты 4:8). Ехоба сүйіспеншілігін Киелі кітап арқылы ғана емес, жаратылысы арқылы да паш етеді (Елшілердің істері 14:17 оқыңыз). Мысалы, бізді қалай жаратқанын алайық. Ол бізге әдемі түстерді көру, әсем әуенді тыңдау және тіл үйірер тағамның дәмін сезе білу қабілетін дарытты. Ол өмірден рақат алғанымызды қалайды.
-
-
Өмір атты сыйды қадірлейікМәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
1. Өмірді не үшін қадірлеуіміз керек?
Бізге өмірді мейірімді Әкеміз Ехоба сыйлағандықтан, біз өмірді ардақтауымыз керек. Ехоба — барлық тіршілікті жаратқан “өмірдің қайнар көзі” (Зәбүр 36:9). Ол “барлығына өмір, тыныс және қажеттінің бәрін береді” (Елшілердің істері 17:25, 28). Иә, тірі жүруіміз үшін Ехоба бізге не керек болса, соның бәрін беріп жатыр. Тіпті артығымен беруде: біз өмірдің рақатын көрсін деп, ол бәрін сан алуан етіп жаратты (Елшілердің істері 14:17 оқыңыз).
-