-
Иса пайғамбардың қасиеттері қандай?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
6. Иса өте жомарт
Иса көп нәрсесі болмаса да, басқаларға барын берген. Ол бізді де қолы ашық, жомарт адам болуға шақырады. Елшілердің істері 20:35 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Исаның айтуы бойынша, біз қай кезде бақытты боламыз?
БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:
Береріміз көп болмаса да, басқаларға қалай жомарт бола аламыз?
-
-
Киелі кітапта ақша мен жұмыс туралы не айтылған?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
3. Қай кезде қолымыз ашық болу керек?
Ехоба — жомарт десе, жомарт Құдай. Біз де “жомарт болып, барымызбен бөлісуге даяр болсақ”, Ехобаға еліктейміз (Тімөтеге 1-хат 6:18). Біз қауым істерін қолдау үшін және мұқтаж адамдарға, әсіресе бауырластарға көмектесу үшін ақшамызды аямаймыз. Ехобаға біздің қанша беретініміз емес, қандай ниетпен беретініміз маңызды. Беретінімізді дарқан көңілмен берсек, өзіміз де бақытты боламыз, Ехобаны да риза қыламыз (Елшілердің істері 20:35 оқыңыз).
-