-
“Менің мойнымда ешкімнің қаны жоқ”“Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
-
-
22. Ефестегі ақсақалдар Пауылды не үшін жақсы көрді?
22 Пауыл бауырластарды шын сүйгендіктен, олар да оны қатты жақсы көрді. Сондықтан қоштасатын сәт келгенде, “бәрі қатты жылап, Пауылды құшақтап, елжірей сүйді” (Ел. іс. 20:37, 38). Пауыл іспетті отардың игілігі үшін уақытын да, күшін де аямайтын жанқияр бауырластарды мәсіхшілер жанындай жақсы көреді. Пауылдың керемет үлгісін қарастырған соң, “менің мойнымда ешкімнің қаны жоқ” деген сөзді Пауыл мақтанып я асыра сілтеп айтпағанын көреміз (Ел. іс. 20:26).
-