-
“Ехобаның қалауы болсын”“Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
-
-
Елшілердің істері 21:1—17 негізделген
1—4. Пауыл Иерусалимге не үшін бара жатыр және сол жерде оны не күтіп тұр?
МИЛЕТТЕ Пауыл мен Лұқа жандарына жақын болып кеткен Ефес ақсақалдарымен қимай-қимай қоштасты. Екі миссионер кемеге көтерілді. Олар жолға керек-жарағының бәрін өздерімен алып алған. Дорбаларында Яһудеядағы мұқтаж бауырластарға арналған садақа да бар. Олар осы сый-тартуды Иерусалимге мұртын бұзбай жеткізгісі келеді.
2 Желкенді самал жел керіп, шулы айлақта тұрған кеме орнынан қозғала бастады. Пауыл, Лұқа және қасындағы жеті бауырлас жағалауда қалған жабырқаулы бауырластардан көз алмай қарап тұр (Ел. іс. 20:4, 14, 15). Бұл жолаушылар сол достарына көзден ғайып болғанша қол бұлғап тұра берді.
-
-
“Ехобаның қалауы болсын”“Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
-
-
5. Пауыл мен серіктері Тирге қандай жолмен сапар шекті?
5 Пауыл мен серіктері отырған кеме “тура бағыт алып” жүзді, себебі жел қолайлы жақтан соғып тұрған еді. Осының арқасында олар сол күні-ақ Косқа жүзіп келді (Ел. іс. 21:1). Кеме сол жерде, шамасы, бір күн тоқтады да, ертесіне Родос пен Патараға жүзіп кетті. Кіші Азияның оңтүстік жағалауындағы Патарадан бауырластар үлкен жүк кемесіне отырды. Бұл кеме тікелей Финикиядағы Тирге апаратын. Жолда олар “Кипр аралын сол жақтарында қалдырды” (Ел. іс. 21:3). Жазушы Лұқа бұл ұсақ мәліметті не үшін айтып тұр?
-