-
”Императордың сотын талап етемін!”“Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
-
-
5. Фест Пауылдың ісін қалай қарастырды?
5 Біраз күн өткен соң, Фест Кесарияда “төрелік орнына отырды”b. Оның алдына Пауыл мен оны айыптаушылар келді. Олардың айыптары негізсіз екенін көрсетіп, Пауыл: “Мен не яһудилердің Заңына, не ғибадатханаға, не императорға қарсы ешқандай күнә жасаған жоқпын”,— деп айтты. Расымен де, елшінің ешқандай кінәсі болмаған, сондықтан оны босату керек еді. Фест қандай шешім шығарар екен? Яһудилерге жаққысы келген ол Пауылдан: “Сен осы айыптар бойынша Иерусалимге барып сотталғың келе ме?”— деп сұрады (Ел. іс. 25:6—9). Не деген ақымақ ұсыныс! Егер Пауыл Иерусалимге барса, оны айыптаушылар соттап, міндетті түрде өлімге кеседі. Фест әділ сот жүргізудің орнына, халықтың көңілінен шығуды ойлады. Ертеректе әмірші Понти Пилат Исаны соттағанда, дәл осылай еткен болатын (Жох. 19:12—16). Бүгінде де көп соттар өзгелердің көңілінен шығуды ойлап, әділетсіз шешім шығарып жатады. Сондықтан біз соттардың келтірілген айғақтарға қарамай, Құдай халқына қарсы шешім шығаратынына таңғалмауымыз керек.
-
-
”Императордың сотын талап етемін!”“Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
-
-
b “Төрелік орны” — биік мінбедегі төрешіге арналған орындық. Бұл орынның жоғары орналасқаны төрешілердің шешімінің салмағы бар екенін және ол соңғы шешім екенін білдірген. Пилат Исаның ісін қарастырғанда, осындай төрелік орнында отырған.
-