-
“Түбегейлі куәлік береміз”“Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
-
-
“Құдай Патшалығы туралы уағыздау” (Ел. іс. 28:30, 31)
19. Пауыл қамауда отырған кезін қалай ұтымды пайдаланды?
19 Лұқа жазбасын жағымды және жылы сөздермен аяқтап: “Жалдаған үйінде ол [Пауыл] толық екі жыл тұрып, келгендердің барлығын жылы қарсы алды. Оларға батылдықпен әрі еш бөгетсіз Құдай Патшалығы туралы уағыздап, Иеміз Иса Мәсіх жайлы тәлім берді”,— деді (Ел. іс. 28:30, 31). Қонақжайлылық, сенім мен құлшыныс танытудың үлгісі деп осыны айтыңыз!
20, 21. Пауылдың Римде қызмет еткені кімдерге пайдалы болды?
20 Пауыл жылы қарсы алған адамдардың ішінде Онисым есімді Қолостан қашып кеткен құл болды. Пауыл Онисымға мәсіхші болуға көмектесті. Ал Онисым болса Пауылдың “адал да сүйікті бауырласына” айналды. Пауыл оны жақсы көргені сонша — “баламдай болған Онисым” деген (Қол. 4:9; Флм. 10—12). Иә, Онисым Пауылдың рухын көтеріп тастады!a
21 Пауылдың үлгісі басқаларға да жақсы әсер етті. Мұны філіпіліктерге айтқан сөзінен көреміз: “Басыма түскен жағдайдың ізгі хабардың кең таралуына септігін тигізіп жатқанын білсеңдер екен деймін. Мұнда патшаның бүкіл күзетші жасағына және басқаларға да менің Мәсіхке қызмет еткенім үшін бұғауда отырғаным мәлім болды. Сондай-ақ бұғауда отырғаным Иемізге қызмет етіп жүрген бауырластардың басым көпшілігіне сенімділік берді. Олар батылдана түсіп, Құдай сөзін қорықпай айтып жүр” (Філіп. 1:12—14).
-
-
“Түбегейлі куәлік береміз”“Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
-
-
25, 26. Пауыл 30 жыл өтер-өтпес, қандай пайғамбарлықтың орындалғанын көрді және бүгінде сол пайғамбарлық қалай орындалып жатыр?
25 Елшілердің істері кітабы “ізгі хабарды уағыздау” үшін қолдан келгеннің бәрін істеген мәсіхшілердің әсерлі оқиғаларына тұнып тұр. Бұл кітап үйқамақта отырып, өзіне келгендерге Құдай Патшалығы туралы уағыздай берген Пауылдың жігерлі оқиғасымен бітеді. Бірінші тарауда Исаның ізбасарларына “өздеріңе киелі рух қонғанда күш-қуатқа ие болып, Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самарияда және жердің қиыр шетіне дейін мен жайлы куәлік етесіңдер” деген тапсырмасы жайлы оқыған едік (Ел. іс. 1:8). Содан 30 жыл өтер-өтпес, Патшалық жайлы хабар “барлық жерде уағыздалды”d (Қол. 1:23). Бұны Құдай рухының құдіреті демегенде, не дейсіз?! (Зәк. 4:6).
-