52-САБАҚ
Неге сырт көрінісімізге мән берген жөн?
“Талғамға талас жоқ” демекші, әр адам не киетінін, қалай көрінгісі келетінін өзі шешеді. Әрине, сіз сырт көрінісіңіздің өзіңізге ғана емес, Ехобаға да ұнағанын қалайсыз. Бұған қатысты Киелі кітаптан қарапайым принциптер табуға болады. Қазір солардың кейбірін қарастырып өтейік.
1. Киіміміз бен сырт көрінісімізге қатысты қандай принциптер бар?
Біздің киіміміз “жарасымды”, “қарапайым да есті болу” керек, сондай-ақ сырт көрінісіміздің тазалығы “Құдайға шын берілген” адам екенімізді көрсетіп тұру қажет (Тімөтеге 1-хат 2:9, 10). Ал енді осы төрт принципке жеке-жеке тоқталып өтейік: 1) “Жарасымды” киіну деген не? Ехоба куәгерлерінің қауым кездесулеріне барғанда байқаған шығарсыз, әркім өз талғамына қарай киінеді. Бірақ олардың киімдерінен де, шаш үлгілерінен де Құдайды құрметтейтіндері анық көрініп тұрады. 2) “Қарапайым” киіну дегеніміз — сырт көрінісіміз біреудің нәпсісін оятпайтындай я “мені көрдің бе?” деп өзіне назар аудартпайтындай болу керек. 3) Ал “есті болу” — соңғы шыққан сәннің соңынан қуа бермеу деген сөз. 4) Сырт көрінісімізден “Құдайға шын берілген” адам екеніміз әрдайым көріну қажет, сонда өзгелер шынайы Құдайға құлшылық ететінімізді біледі (Қорынттықтарға 1-хат 10:31).
2. Киім таңдағанда, неге бауырластарды ойлауымыз керек?
Не киеміз, қалай киінеміз, бұл өз еркімізде екені рас. Бірақ біз бауырластарды да ойлауымыз керек. Өйткені киіміміз оларға ерсі, оғаш көрініп қалуы мүмкін, сондықтан көңілдеріне тимес үшін өзімізге емес, “өзгеге ұнайтынды, яғни оны рухани нығайтатын нәрсені істегіміз” келеді (Римдіктерге 15:1, 2 оқыңыз).
3. Сырт көрінісімізбен адамдарды шындыққа қалай жақындата аламыз?
Жағдайға қарай біз әртүрлі киінеміз, бірақ қауым кездесуіне барғанда және уағызға шыққанда, не киетінімізге әсіресе мұқият болуымыз керек. Неге? Өйткені адамдардың назары сырт көрінісімізге ауып, ізгі хабарды тыңдамай қоюы мүмкін. Ал біздің бар тілегіміз — сырт көрінісімізбен “Құдайдың ілімін көркейтіп”, адамдарға шындықты таныстыру (Титке 2:10).
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Құдайдың қызметшілеріне қандай киім мен сырт көрініс лайықты екенін қарастырып көрейік.
4. Жақсы сыртқы келбет — Ехобаға құрмет
Біздің сырт көрінісімізге қатты мән беруіміздің ең басты себебі қандай? Зәбүр 47:2 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Ехобаның атынан сөйлегендіктен, біздің киіміміз қандай болу керек?
Қауымға барғанда я қызметке шыққанда, не киетініміз жайлы жақсылап ойлануымыз керек пе? Неге?
5. Таңдауыңыз жақсы болсын
Киіміміз қымбат не арзан болмасын, ең маңыздысы — ол ұқыпты да таза әрі жағдайға сай болу керек. Қорынттықтарға 1-хат 10:24 және Тімөтеге 1-хат 2:9, 10 оқыңыздар. Сосын мынадай киімдер неге орынсыз болатынын талқылаңыздар:
алқам-салқам не тым еркін киіну;
біреудің нәпсісін оятатын тырысқан, ашық-шашық киімдер кию.
Мәсіхшілер Мұса Заңын ұстанбаса да, біз сол Заңнан Ехобаның көзқарасын түсінеміз. Мұсаның 5-жазбасы 22:5 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Неге киіміміз бен сырт көрінісімізден әйел я еркек екеніміз анық көрініп тұру керек?
Қорынттықтарға 1-хат 10:32, 33 пен Жоханның 1-хаты 2:15, 16 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:
Сырт көрінісіміз айналамыздағыларға және бауырластарға ерсі көрінбей ме деп неге ойланғанымыз жөн?
Сіз тұратын жерде адамдардың сырт көрінісі қандай?
Солардың кейбірі мәсіхшілерге лайықты емес деп ойлайсыз ба? Неге?
КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Не кисем де өзім білемін”.
Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Неге?
ТҮЙІНДЕМЕ
Сырт көрінісіміз жақсы болса, Ехобаны және басқаларды құрметтейтініміз көрінеді.
Қайталау
Киіміміз бен сырт көрінісіміз неге Ехоба үшін маңызды?
Сырт келбетімізге қатысты шешім қабылдағанда, қандай принциптерді басшылыққа аламыз?
Сырт көрінісіміз өзгелердің шындыққа деген көзқарасына қалай әсер етеді?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Киіміңізден сіз туралы не білуге болады? Осы туралы оқып көріңіз.
Татуировка жасатпас бұрын неге ойланып алған жөн?
“Киелі кітапта татуировка туралы не айтылған?” (jw.org сайтындағы мақала)
Киімге қатысты шешім қабылдағанда, тағы қандай принциптерді ескеру керектігін көріңіз.
“Киіміңіз Құдайды дәріптей ме?” (“Күзет мұнарасы”, қыркүйек, 2016)
Қалай бір ақжүрек әйел басқалардың шешімін құрметтеуді үйренді?
“Олардың киімі мен сырт көрінісі маған түрпідей тиді” (“Ояныңдар” (ор.), 22 желтоқсан, 2003)