-
Жапа шеккендерге көмек көрсетуҚұдай Патшалығы билік етуде!
-
-
6. а) Пауылдың түсіндіруінше, неге көмек көрсету ісі қасиетті қызметке жатады? ә) Бүгінде көмек көрсету ісін жержүзі бойынша қалай жүргізіп жатқанымызды айтып беріңіз. (“Апатқа дайындық” деген қоршауды да қараңыз.)
6 Пауыл қорынттықтарға мынаны түсінуге көмектесті: жапа шеккендерге көмектесу Ехобаға арналған қызметіміз бен ғибадатымызға жатады. Елші ойын былай өрбітті: мәсіхшілердің жапа шеккендерге көмектесуінің себебі — олар “Мәсіх туралы ізгі хабарға бағынады” (Қор. 2-х. 9:13). Демек, Мәсіхтің тәліміне сай өмір сүргісі келетіндіктен, бауырластарына көмектеседі. Пауылдың айтуынша, мұндай игі істер — сайып келгенде, “Құдайдың шексіз рақымының” көрінісі (Қор. 2-х. 9:14; Пет. 1-х. 4:10). Сондықтан бастарына күн туған бауырластарға қол ұшын беруге қатысты 1975 жылы 1 желтоқсан айының “Күзет мұнарасында”: “Құдай мен оның Ұлы Иса Мәсіх мұндай қызметті аса маңызды деп есептейтініне еш күмән жоқ”,— делінді. Иә, жапа шеккендерге көмек көрсету — қасиетті қызметіміздің аса бағалы түрі (Рим. 12:1, 7; Қор. 2-х. 8:7; Евр. 13:16).
-
-
Жапа шеккендерге көмек көрсетуҚұдай Патшалығы билік етуде!
-
-
7, 8. Көмек көрсету ісіміздің бірінші мақсаты қандай? Түсіндіріңіз.
7 Жапа шеккендерге көмектескенде біз қандай мақсаттарды көздейміз? Бұл сұрақтың жауабын Пауылдың Қорынттықтарға жазған екінші хатынан табуға болады (Қорынттықтарға 2-хат 9:11—15 оқыңыз). Ол үш мақсатқа көңіл бөлген. Соларды бір-бірлеп қарастырып көрейік.
8 Біріншіден, Құдай дәріптеледі. Байқасаңыз, жоғарыдағы бес тармақта Пауыл бауырластарының көңілін бірнеше рет Ехоба Құдайға аударған. Ол “Құдайға ризашылық білдіру”, “Құдайға алғыс айтушылардың көп болуы” туралы айтты (11, 12-тармақтар). Сондай-ақ көмек көргендер “Құдайды дәріптейтінін”, “Құдайдың шексіз рақымын” мадақтайтынын атап өтті (13, 14-тармақтар). Пауыл жапа шеккендерге көмек көрсету туралы ойларын: “Құдайға мың да бір рақмет!”— деген сөздермен түйіндеді (15 тармақ; Пет. 1-х. 4:11).
9. Көмек көрсету ісі адамдардың бізге қатысты көзқарасын қалай өзгертуі мүмкін? Мысал келтіріңіз.
9 Пауыл сияқты бүгіндегі мәсіхшілер де жапа шеккендерге көмек көрсетуді Ехобаны дәріптеп, оның тәлімін көркейтудің мүмкіндігі деп біледі (Қор. 1-х. 10:31; Тит. 2:10). Расында да, мұндай көмек адамдардың Ехоба мен оның Куәгерлеріне қатысты пікірін қатты өзгертеді. Мұны келесі оқиғадан көреміз. Дауылдан жапа шеккен аймақта тұратын бір әйелдің есігінде “Ехоба куәгерлері мазаламасын!” деген жазу ілулі тұрған еді. Бірде ол өзінікіне қарама-қарсы тұрған үйді қалпына келтіріп жатқан еріктілерді көреді. Ол жарқын жүзді жұмысшыларды бірнеше күн бақылаған соң, барып кім екендерін сұрайды. Олардың Ехоба куәгері екенін білгенде: “Сендерді бұндай адам деп ойламаппын”,— деп қайран қалады. Осыдан кейін есігіндегі жазуды алып тастайды.
-