-
Жапа шеккендерге көмек көрсетуҚұдай Патшалығы билік етуде!
-
-
6. а) Пауылдың түсіндіруінше, неге көмек көрсету ісі қасиетті қызметке жатады? ә) Бүгінде көмек көрсету ісін жержүзі бойынша қалай жүргізіп жатқанымызды айтып беріңіз. (“Апатқа дайындық” деген қоршауды да қараңыз.)
6 Пауыл қорынттықтарға мынаны түсінуге көмектесті: жапа шеккендерге көмектесу Ехобаға арналған қызметіміз бен ғибадатымызға жатады. Елші ойын былай өрбітті: мәсіхшілердің жапа шеккендерге көмектесуінің себебі — олар “Мәсіх туралы ізгі хабарға бағынады” (Қор. 2-х. 9:13). Демек, Мәсіхтің тәліміне сай өмір сүргісі келетіндіктен, бауырластарына көмектеседі. Пауылдың айтуынша, мұндай игі істер — сайып келгенде, “Құдайдың шексіз рақымының” көрінісі (Қор. 2-х. 9:14; Пет. 1-х. 4:10). Сондықтан бастарына күн туған бауырластарға қол ұшын беруге қатысты 1975 жылы 1 желтоқсан айының “Күзет мұнарасында”: “Құдай мен оның Ұлы Иса Мәсіх мұндай қызметті аса маңызды деп есептейтініне еш күмән жоқ”,— делінді. Иә, жапа шеккендерге көмек көрсету — қасиетті қызметіміздің аса бағалы түрі (Рим. 12:1, 7; Қор. 2-х. 8:7; Евр. 13:16).
-
-
Жапа шеккендерге көмек көрсетуҚұдай Патшалығы билік етуде!
-
-
7, 8. Көмек көрсету ісіміздің бірінші мақсаты қандай? Түсіндіріңіз.
7 Жапа шеккендерге көмектескенде біз қандай мақсаттарды көздейміз? Бұл сұрақтың жауабын Пауылдың Қорынттықтарға жазған екінші хатынан табуға болады (Қорынттықтарға 2-хат 9:11—15 оқыңыз). Ол үш мақсатқа көңіл бөлген. Соларды бір-бірлеп қарастырып көрейік.
8 Біріншіден, Құдай дәріптеледі. Байқасаңыз, жоғарыдағы бес тармақта Пауыл бауырластарының көңілін бірнеше рет Ехоба Құдайға аударған. Ол “Құдайға ризашылық білдіру”, “Құдайға алғыс айтушылардың көп болуы” туралы айтты (11, 12-тармақтар). Сондай-ақ көмек көргендер “Құдайды дәріптейтінін”, “Құдайдың шексіз рақымын” мадақтайтынын атап өтті (13, 14-тармақтар). Пауыл жапа шеккендерге көмек көрсету туралы ойларын: “Құдайға мың да бір рақмет!”— деген сөздермен түйіндеді (15 тармақ; Пет. 1-х. 4:11).
-