Ехобаға жан сала қызмет етуге қуаныштымыз!
1 Елші Пауыл ‘өзін еш аямай’ мәсіхші ретінде қызметін атқаруға қуанышты болған (Қор. 2-х. 12:15). Сол сияқты бүгін де көп мәсіхші бар ынтасымен ізашар ретінде қызмет етуде. Отбасы бар бауырластар да, уақыттарының тығыздығына қарамастан, апта сайын қызметке шығып тұрады. Кейбіреулер денсаулықтары нашар бола тұра, шамалары келгенше Патшалық ісіне қолдау көрсетіп жүр. Ехобаның халқының кәрілікке не басқа да қиыншылықтарға қарамастан, жан сала қызмет етіп жүргенін көру, шынында да, жігерлендіреді!
2 Маңайымыздағыларды сүю. Ехобаға және маңайымыздағыларға деген сүйіспеншілігімізді көрсете отырып, қолымыздан келгенше қызмет ету ар-ұжданымызды таза сақтауға көмектеседі. Пауыл ізгі хабарды таратуға жанын салғандықтан, қуанышпен былай деп айта алған: “Сендерге салтанатты түрде ешкімнің қанын мойныма жүктемеймін деп мәлімдеймін” (Ел. іс. 20:24, 26; Сал. 1-х. 2:8). Қызметке қолымыздан келгенше атсалыссақ, біреудің қанын мойнымызға жүктеуден аулақ боламыз (Езек. 3:18—21).
3 Басқаларға жан-тәнімізбен көмектескеніміз өзімізді бақытқа бөлейді (Ел. іс. 20:35). Бір бауырлас былай деген: “Күні бойы Ехобаға қызмет еткенде, кешке үйге шаршап келетінім рас. Бірақ өзімді бақытты сезінемін және Ехобаға ешкім тартып ала алмайтын қуаныш сыйлағаны үшін рақмет айтамын”.
4 Құдайды сүю. Жан сала қызмет етуіміздің ең маңызды себебі — солай еткеніміз көктегі Әкемізге ұнайды. Құдайға деген сүйіспеншілігіміз оның өсиеттерін орындауға талпындырады. Ал оның өсиеттеріне уағыздау мен шәкірт дайындау ісі де жатады (Жох. 1-х. 5:3). Тіпті адамдар ықылассыздық не қарсылық білдірсе де, біз Ехоба үшін қуанышпен жан сала қызмет ете береміз.
5 Қазір қызметіміздің қарқынын бәсеңдететін кез емес. Біз орақ уақытында өмір сүріп жатырмыз (Мат. 9:37). Диқаншы орақ кезінде көбірек жұмыс істейді, өйткені тез жинап алмаса, астық ысырап болуы мүмкін. Рухани орақтың да уақыты шектеулі. Сондықтан, қай кезде өмір сүріп жатқанымызды есте ұстап, қызметке жан сала қатысайық (Лұқ. 13:24; Қор. 1-х. 7:29—31).