ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 2-ХАТ 4—6
Біз “еш талмаймыз”
Іші-сыртының тозығы жеткен бір ескі үйде екі отбасы тұрып жатыр делік. Бір отбасының тұнжыраңқы күйде жүргені түсінікті жағдай. Дегенмен екінші отбасының көңілі тоқ. Неге десеңіз, олар жақын арада жап-жаңа әдемі үйге қоныстанбақшы.
Бүкіл жаратылыс та “күні бүгінге дейін... ыңырсып, қатты қиналып жатыр” (Рм 8:22). Алайда Құдай халқында жанға тірек, көңілге медеу болатын жарқын үміт бар. Басымызға түскен ауыртпалықтың тауқыметін жылдар бойы арқалап келсек те, жаңа дүниедегі мәңгілік өмірмен салыстырғанда қиындықтарымыз “уақытша әрі жеңіл”. Бар назарымызды Патшалықтың әкелетін баталарына тіксек, қуанышымыздан айырылмаймыз әрі қанатымыз еш талмайды.