-
Шомылдыру рәсімі — өкіндірмес мақсат!Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
3. Шомылдыру рәсімінен өту үшін не істеу керек?
Шомылдыру рәсімінен өту үшін адам Ехоба жайлы білім алып, оған деген сенімін нығайту керек (Еврейлерге 11:6 оқыңыз). Біліміңіз бен сеніміңіз артқан сайын, Ехобаға деген сүйіспеншілігіңіз де артады. Сосын ол туралы айтуға және оның заң-талаптарымен өмір сүруге деген ықыласыңыз оянады (Тімөтеге 2-хат 4:2; Жоханның 1-хаты 5:3). Сөйтіп, Ехобаға “барлық жағынан ұнамды” өмір сүре бастаған соң, адам өз өмірін Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтемін деген байламға келуі мүмкін (Қолостықтарға 1:9, 10)a.
-
-
Шомылдыру рәсімі — өкіндірмес мақсат!Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
a Егер адам бұрын басқа дінде шомылдыру рәсімінен өткен болса, оған қайтадан шомылдыру рәсімінен өту керек. Неге? Өйткені сол дін Киелі кітаптағы шындықты үйретпеген. Елшілердің істері 19:1—5 және 13-сабақты қараңыз.
-
-
Сіз шомылдыру рәсімінен өтуге дайынсыз ба?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
1. Шомылдыру рәсімінен өту үшін біліміңіз қаншалықты болу керек?
Шомылдыру рәсімінен өту үшін сізде “шындық жайлы тура білім” болу қажет (Тімөтеге 1-хат 2:4). Әрине, бұл — шомылдыру рәсімінен өтпес бұрын Киелі кітаптың әрбір сұрағына жауап білуіңіз керек деген сөз емес. Тіпті шомылдыру рәсімінен өткеніне бірталай жыл болған мәсіхшілерге де білген үстіне біле түсу керек (Қолостықтарға 1:9, 10). Сіз үшін қазір ең бастысы — Киелі кітаптың негізгі ілімдерін түсіну. Біліміңіз қаншалықты жеткілікті екенін анықтауға сізге ақсақалдар қуана көмектеседі.
-