ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | САЛОНИКАЛЫҚТАРҒА 2-ХАТ 1—3
Күнәнің адамы аян болды
Бұл тармақтарда Пауыл не жайлы айтқан?
“Оны ұстап тұрған күш” (6-тармақ) елшілерді білдірсе керек
“Аян болуы” (6-тармақ): елшілер қайтыс болған соң, жолдан тайған мәсіхшілер ашықтан-ашық жалған ілімдерін таратып, екіжүзді әрекет ете бастаған
“Құпия болып отырған ол” (7-тармақ): Пауылдың күндерінде “күнәнің адамы” әлі нақты белгілі емес еді
“Күнәнің адамы” (8-тармақ) бүгінде мәсіхшілер әлемінің дінбасыларын білдіреді
“Иеміз Исаның осында екені ашық көрінгенде, ол [күнәнің адамын]... жояды” (8-тармақ): Ехобаның Шайтанның дүниесіне, оның ішінде “күнәнің адамына” да, шығарған үкімін жүзеге асырған кезде, Иса өзінің көкте патша болып отырғанын айқын көрсетеді
Бұл тармақтар сізге құлшыныспен уағыздауға әрі оны уақыт күттірмейтін іс екенін түсіне отырып атқаруға қалай серпін береді?