-
Қамқор Бақташыларға кішіпейілдікпен бағыныңдарКүзет мұнарасы. 2007 | 1 сәуір
-
-
7. Елші Пауыл мәсіхші бақылаушыларға қалай қарау керектігімізге қатысты қандай кеңес берді?
7 Көктегі Бағушыларымыз Ехоба Құдай мен Иса Мәсіх бізден қауымдағы жауапкершілік жүктелген бақташылардың айтқанын тыңдайды әрі оларға бағынады деп күтеді (Петірдің 1-хаты 5:5). Рухтың жетелеуімен елші Пауыл былай деп жазды: “Өздеріңе Құдайдың хабарын айтқан жетекшілеріңді ұмытпаңдар. Олардың қалай өмір сүріп, қалай бұ дүниеден кеткендерін естеріңде ұстап [“жүріс-тұрыстарының нәтижесі жайлы ойланыңдар”, ЖД], сенімдерін үлгі-өнеге етіңдер! Жетекшілеріңе мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар. Олар ұдайы рухани өмірлеріңнің қамын жеп, сол қызметтері туралы есеп беруге тиісті. Мұны қинала емес, қуана атқарулары үшін оларға бағыныңдар. Олай етпесеңдер, өздерің зиян көресіңдер” (Еврейлерге 13:7, 17).
8. Пауыл не жайлы ‘ойлануға’ шақырады және қалай ‘мойынсұнып, айтқанды тыңдауымыз’ керек?
8 Байқасақ, Пауыл бізді ақсақалдардың адал жүріс-тұрыстарының нәтижесі жайлы ‘ойланып’, немесе мұқият қарастырып, сенімдерін үлгі-өнеге етуге шақырады. Сонымен қатар осы тағайындалған ер кісілердің нұсқауларын тыңдауға және оларға бағынуға кеңес береді. Киелі кітап зерттеушісі Р. Т. Франстың түсіндіруінше, түпнұсқадан “мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар” деп аударылған грек сөзі “тек айтылғанды тыңдауды емес, сөзбе-сөз “көзі жету” дегенді білдіріп, олардың басшылығын даярлықпен қабыл алуға нұсқайды”. Олай болса, ақсақалдарға Құдай Сөзі бұйырғандықтан ғана емес, олардың Патшалықтың мүддесі мен біздің игілігімізді ойлайтынына көзіміз жеткендіктен мойынсұнамыз. Олардың басшылығын даярлықпен қабыл алсақ, бақытты боларымыз сөзсіз.
-
-
Қамқор Бақташыларға кішіпейілдікпен бағыныңдарКүзет мұнарасы. 2007 | 1 сәуір
-
-
10, 11. Бақылаушылар мәсіхшілерге ‘Құдайдың хабарын’ бірінші ғасырда қалай айтқан және бүгін қалай айтуда?
10 Жоғарыда келтірілген Еврейлерге 13:7, 17-де елші Пауыл мәсіхші ақсақалдардың айтқандарын тыңдауымыз әрі оларға бағынуымыз керектігінің төрт себебін көрсеткен. Біріншісі — олар бізге ‘Құдайдың хабарын айтқан’. Алдында айтылғандай, Иса “адамдар кейпіндегі тартуларды” қауымға “қасиеттілерді түзету” үшін береді (Ефестіктерге 4:11, 12, ЖД). Ол бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің ой қалпы мен жүріс-тұрыстарын, араларында рухтың жетелеуімен қауымдарға хат жазғандары бар, адал бақташылар арқылы түзеткен болатын. Киелі рухпен тағайындалған осы бақылаушыларды Иса ертедегі мәсіхшілерге басшылық беру әрі оларды нығайту үшін де қолданған (Қорынттықтарға 1-хат 16:15—18; Тімотеге 2-хат 2:2; Титке 1:5).
11 Бүгінде Иса бізге “адал да ақылды құлдың” өкілі болып табылатын Басқарушы кеңес пен тағайындалған ақсақалдар арқылы басшылық береді (Матай 24:45, ЖД). “Бас Бағушымыз” Иса Мәсіхті құрметтегендіктен, Пауылдың мына кеңесіне құлақ асамыз: ‘Бауырластар, сендерден сұрайтынымыз мынау: өздерің үшін еңбек етіп, дұрыс жол сілтеп, жетектегендерді мойындаңдар’ (Петірдің 1-хаты 5:4; Салониқалықтарға 1-хат 5:12; Тімотеге 1-хат 5:17).
-