Оқырман сауалдары
Шайтан көктен қашан қуылды? (Аян 12:1—9).
Аян кітабында Шайтанның көктен қашан қуылғаны нақты айтылмаған, сөйтсе де онда сол уақытты анықтауға көмектесетін бірнеше оқиға жазылған. Бұл оқиғалардың алғашқысы — Мәсіх Патшалығының орнауы. Осы жайттан кейін ‘көкте соғыс бұрқ ете түсті’ де, Шайтан жеңіліске ұшырап, көктен қуылған еді.
Жазбалардан анық көрінетіндей, 1914 жылы ‘Құдайға сенбейтін халықтар дәурені’ аяқталып, Патшалық орнадыa (Лұқа 21:24). Осы оқиғадан кейін қанша уақыттан соң көкте соғыс бұрқ етіп, Шайтан жерге қуылды?
Аян 12:4-те былай делінген: “Туысымен-ақ Баласын жеп қою үшін айдаһар [Шайтан] босанбақ болған әйелдің алдында тосып тұрды”. Бұдан Патшалық орнаған сәтте-ақ Шайтан оны бірден жойып жібергісі келгенін көруге болады. Ехоба Шайтанның зымиян жоспарын іске асыруына кедергі жасағанмен, ол жаңа орнаған Патшалыққа зиян келтіру ниетінен еш қайтпады. Сол себепті “Михайл мен оның қол астындағы періштелері” “айдаһарды өз нөкерлерімен бірге” көктен қуу үшін шұғыл әрекет етті. Демек, Шайтанның жеңіліске ұшырап, көктен қуылуы 1914 жылы Патшалық орнағаннан кейін көп ұзамай орын алды деуге болады.
Тағы бір ескеретін жайт — майланған мәсіхшілердің қайта тірілуі. Жазбалардан көрінетіндей, бұл Патшалық орнағаннан кейін көп ұзамай басталдыb (Аян 20:6). Айдаһармен және оның жын-перілерімен соғысқан кезінде Исаның жанында майланған бауырларының болғаны жөнінде ештеңе айтылмаған. Сондықтан көктегі соғыс және Шайтан мен оның жын-перілерінің көктен қуылуы майланған мәсіхшілер тірілер алдында орын алу керек еді.
Сонымен, Киелі кітапта Шайтан мен оның жын-перілерінің көктен қашан қуылғаны нақты айтылмаған. Сөйтсе де бұл оқиғаның Иса Мәсіх 1914 жылы таққа отырғаннан кейін, көп ұзамай орын алғаны анық.
[Сілтемелер]
b “Күзет мұнарасының” 2007 жылдың 1 қаңтарындағы санын қара (27, 28-бет., 9—13 абз.).