Уақыт неге соншама аз?
УАҚЫТ. Бұл сөзге тура анықтама беру қиын шығар, бірақ біз уақыттың үнемі жетіспейтіндігін анық білеміз. Сонымен қатар, уақыттың тез өтіп бара жатқанын да сеземіз. «Уақыт зымырап барады»,— деп кім айтпады дейсің.
Сөйтсе де, ағылшын ақыны Остин Добсон 1877 жылы шындыққа жақын сөздер айтты. Ол былай деген еді: «Уақыт өтіп барады дейсіңдер ме? Жоқ! Өтіп бара жатқан уақыт емес, біз». Ақын 80 жылға жуық уақыт бұрын, 1921 жылы қайтыс болды. Ал уақыт болса әлі жалғасуда.
Шексіз уақыт
Киелі кітап біздің Жаратушымыз туралы былай дейді: «Таулар пайда болмас бұрын, жер мен аспан әлемін жаратқан Сен және Сен, ғасырдан ғасырға — Құдайсың» (Забур 89:3). Сондықтан, Құдай қанша жасаса, уақыт та сонша жасайды, яғни уақыт — мәңгілік!
Құдай мәңгілік, ал адамдар туралы біз келесі сөздерді оқимыз: «Біздің барлық күніміз Сенің қаһарыңның алдында өтті; жылдарымыз саңқ еткен дауыс сияқты жоқ болып кетіп жатыр. Тіршілік етер күніміз жетпіс жас, бақуат болсаң сексен жасқа жетеді; ал оның ең жақсы мезгілі — еңбек пен ауру, өйткені тез өтіп, өміріміз зымырап барады» (Забур 89:9, 10).
Неге адамның өмірі бүгін соншалықты қысқа? Киелі кітапта Құдайдың адамды мәңгі өмір сүру үшін жаратқаны анық айтылған емес пе? (Жаратылыс 1:27, 28; Забур 36:29). Адамдар неге Құдай ойлағандай шексіз өмір сүрудің орнына, көп дегенде 30000 күндей ғана жасайды? Неге адамдардың уақыты соншама аз? Осындай қайғылы жағдайдың болғанына кім немесе не кінәлы? Киелі кітап бұл сұрақтарға анық әрі толық жауап бередіa.
Уақыт азайған үстіне азаюда
Жасы үлкен кісілер соңғы онжылдықтарда өмір қарқынының жылдамдағанын айтады. Зибилле Фритш атты доктор әрі журналист әйелдің байқауынша, соңғы 200 жылда апта ішіндегі жұмыс уақыты 80 сағаттан 38 сағатқа дейін кемісе де, «біз назалануды әлі қойған жоқпыз». Ол әдетке айналып кеткен «уақыт жоқ; уақыт қымбат; уақыт ауадай қажет; әйтеуір зымырап бара жатқан өмір» деген сөздерді мысалға келтірді.
Қазіргі уақыттағы қол жеткен жетістіктер бұрынғы ұрпақтардың ойына да кіріп шықпаған мүмкіндіктерге жол ашты. Бірақ адамның мүмкіндігі көбейген сайын, реніші де көбейе түседі, өйткені бәрін істеп үлгеруге уақыт тым аз. Қазір жер бетінің көп жерлерінде адамдардың өмірінің әрбір сағаты күн кестесіне жазылып қойған. Олар әр ісін уақтылы атқару үшін асығады. Әкесі таңғы жетіде жұмысқа шығуы керек, анасы сегіз жарымға дейін балаларды мектепке дайындап үлгеруі керек, атасы тоғыздан қырық минут өткенде дәрігерде болуы керек, ал бәрі де кешкі жеті жарымдағы бір маңызды кездесуге үлгеруі керек. Бәрін уақтылы істеп үлгергісі келген адамның демалуға уақыты жоқ десе де болады. Сондықтан, тынбай қайтып айналып келе беретін күнделікті күйбең тірлікке нала боламыз.
Біздің ғана уақытымыз аз емес
Адамның өмірінің қысқаруына себеп болған жауыз, Құдайдың жауы Шайтан Ібіліс құрған қақпанына өзі де түсті (Ғалаттықтарға 6:7, 8, салыстыр). Құдай Патшалығының аспанда орнауына байланысты оқиғаны қорыта келе Аян 12:12-де үміт етер мынадай сөздер жазылған: «Қуаныңдар, көк пен оны мекендегендердің бәрі де! Алайда жер мен теңізде тұратындарға қасірет! Себебі әзәзіл сендерге төменге түсті, ол өзіне аз уақыт қалғанын білгендіктен, қатты ашулы».
Сенуге тұрарлық Киелі кітап хронологиясына және ондағы жазылған пайғамбарлықтардың орындалып жатқанына сәйкес, біз қазір сол «аз қалған уақыттың» аяғында өмір сүріп отырмыз. Шайтанның уақыты жақында бітетінін білген қандай қуанышты! Шайтан жойылған кезде Ехобаның бастапқы мақсатына сәйкес тілалғыш адамдар кемелділікке жетіп, мәңгілік өмір сүреді (Аян 21:1—4). Сол кезде уақыттың жетіспеушілігінен құтыламыз.
Мәңгі өмір деген не екенін елестете аласыз ба? Ешқашан бір нәрсені істеп үлгермедім деп қынжылмайтын боласыз. Өйткені бүгін үлгермесеңіз ертең бар, болмаса тағы бір апта, бір жыл — алдыңызда мәңгілік бар!
Қазіргі уақытымызды дұрыс пайдаланайық
Аспанда орнатылған Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды тыңдауға қолдары тимеуі үшін, Шайтан адамдарды қүйбең тірліктің шырмауында ұстауға тырысуда, өйткені оларға әсер ету үшін уақытының аз қалғанын біледі. Сондықтан да Жазбалардағы: «Сонымен парасатсыз емес, парасатты өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, өйткені қазіргі күндер зұлымдыққа толы. Сондықтан ақымақ болмай, Құдайдың еркін біліп алыңдар»,— деген кеңеске құлақ түрген ақылдылықболареді (Ефестіктерге 5:15—17).
Уақытты нағыз пайдасы жоқ бос нәрселерге жұмсамай, маңызды нәрселерге жұмсап парасаттылық танытқан қаншалықты маңызды десеңізші! Шын жүректен Ехобадан: «Күндерімізді жүрегімізге даналық ұялата алатындай санай білуге үйретші»,— деп сұраған Мұсаның көзқарасы сияқты көзқарас дамытуымыз керек (Забур 89:12).
Шынында да, бүгінгі күні ешкімнің де қолы бос емес. Әйтсе де, Құдай Патшалығының қол астында мәңгі өмір сүргісі келетін адамдарға қойылатын Құдайдың талаптарын білуіңіз үшін, Ехоба Куәгерлері алтын уақытыңыздың бір бөлігін бөлуге шақырады. Киелі кітапты жүйелі түрде зерттеу үшін аптасына бір сағат уақытыңызды бөліп «Құдайдың еркін біліп алатын» болсаңыз, келесі сөздер сіздің өміріңізде орындалатын болады: «Жамандықтан қашып, жақсылық істе, сонда мәңгі өмір сүретін боласың. Әділдер жерді мұра етіп, онда мәңгілік өмір сүреді» (Забур 36:27, 29).
[Сілтеме]
a Күзет мұнарасы қоғамы басып шығарған «Мәңгі өмірге алып баратын білім» кітабының 6-тарауын қараңыз.