-
Құдай есімі. Оның қолданылуы мен мағынасыКиелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
-
-
Есімінің мағынасын адал қызметшісі Мұсаға Құдайдың өзі түсіндіріп берген. Мұса есімін сұрағанда, Ехоба былай деген: “МЕН КІМ БОЛҒЫМ КЕЛСЕ, СОЛ БОЛАМЫН” (Мұсаның 2-жазбасы 3:14). Ротергамның аудармасында бұл сөздер: “Мен кім болуды қаласам, сол боламын”,— деп берілген. Демек, өзінің еркін орындау үшін кім болу қажет болса, Ехоба сол бола алады.
Сенің кім болуды қаласаң, сол бола алатын қабілетің бар болса, достарың үшін не істер едің? Біреуі қатты науқастанып қалса, сірә, тәжірибелі дәрігер болып, оны емдерсің. Өзге бірі бар мал-мүлкінен айырылып қалса, оған көмектесе алатын ауқатты адамға айналарсың. Алайда, шындыққа тура қарайтын болсақ, сенің мүмкіндіктерің шектеулі. Сен ғана емес, бәріміз де сондаймыз. Киелі кітапты зерттеу барысында сен Ехобаның өз уәделерін орындау үшін жағдай кім болуды қажет етсе, сол болатынын көріп, таң тамаша қалатын боласың. Бұған қоса, құдіретті күшін өзін сүйетіндердің игілігіне қолдану оған ұнайды (Шежірелер 2-жазба 16:9). Ехобаның болмысының осындай керемет қырлары оның есімін білмейтіндер үшін ашылмай қалады.
Киелі кітапта Ехобаның есімі қолданылу керек екені тайға таңба салғандай анық. Көктегі Әкеміз Ехобаның есімінің мағынасын білу әрі ғибадат еткенде оны еркін қолдану оған жақындау үшін зор көмек болып табыладыa.
-
-
Мәсіхтің келуі жайындағы Даниялдың пайғамбарлығыКиелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
-
-
ҚОСЫМША
Мәсіхтің келуі жайындағы Даниялдың пайғамбарлығы
ДАНИЯЛ пайғамбар Исадан 500 жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген. Дегенмен Ехоба Даниялға Исаның Мәсіх ретінде майланатын, немесе тағайындалатын, уақытын дәл анықтауға көмектесетін мәлімет берген. Даниялға былай айтылды: “Сен мынаны біліп, ұғып ал: Иерусалимді қалпына келтіріп, қайта тұрғызу жайлы жарлық шыққаннан бастап Мәсіх Көсем келгенге дейін 7 апта және 62 апта өтеді” (Даниял 9:25).
Мәсіхтің келетін уақытын анықтау үшін, алдымен, Даниялдың пайғамбарлығы қашан орындала бастағанын анықтап алу қажет. Аталмыш пайғамбарлықтың өзінде көрсетілгендей, ол “Иерусалимді қалпына келтіріп, қайта тұрғызу туралы жарлық шыққаннан бастап” орындала бастады. Ал бұл “жарлық” қашан шықты? Нехемия кітабынан Иерусалим қабырғаларын қайта қалпына келтіру жайындағы жарлық “[Артаксеркс] патшаның билік құруының жиырмасыншы жылы” шыққанын білеміз (Нехемия 2:1, 5—8). Тарихшылардың айтуынша, Артаксеркстің толық бір жыл билік еткен уақыты б. з. б. 474 жыл болған. Олай болса, оның жиырмасыншы басқару жылы б. з. б. 455 жылына келген. Демек, Даниялдың Мәсіхке қатысты пайғамбарлығы сол жылы орындала бастаған.
Даниял кітабында “Мәсіх Көсем” келгенге дейін қанша уақыт өтетіні де айтылған. Пайғамбарлықта “7 апта және 62 апта”, яғни барлығы 69 апта, өту керектігі көрсетілген. Бұл қанша уақытты білдіреді? Киелі кітаптың кейбір аудармаларында бұл жерде жеті күндік емес, жеті жылдық апталар туралы айтылғанына нұсқалады. Бұл — әр апта жеті жылдан тұрады деген сөз. Апталық жылдар не жеті жылдық кезеңдер деген ұғым ежелгі яһудилерге түсінікті болған. Мысалы, олар үшін әр жетінші жыл демалыс жылы болған (Мұсаның 2-жазбасы 23:10, 11). Демек, 69 пайғамбарлық апта әрқайсысы 7 жылдан тұратын 69 кезеңге тең. Басқаша айтқанда, бұл кезең (7х69) 483 жылды құрайды.
Енді осының бәрін есептеп шығу қалды. Егер б. з. б. 455 жылдан бері қарай 483 жыл санасақ, б. з. 29 жылы шығады. Иса тап сол жылы шомылдыру рәсімінен өтіп, Мәсіх болдыa! (Лұқа 3:1, 2, 21, 22). Пайғамбарлықтың осылай тура орындалғаны таң қалдырады емес пе?
a Б. з. б. 455 жыл мен б. з. 1-ші жылынның аралығы 454 жыл. Б. з. б. 1-ші жыл мен б. з. 1-ші жылының арасы бір жыл (нөлінші жыл болмаған). Ал б. з. 1-ші жылы мен б. з. 29-шы жылының аралығы 28 жыл. Осы үш санның қосындысы 483 жылға тең болады. Иса б. з. 33 жылы, яғни жетпісінші жылдық аптаның кезінде, “өлтірілді” (Даниял 9:24, 26). Ехоба куәгерлері басып шығарған “Даниялдың пайғамбарлығына көңіл қойыңдар!” (ор.) кітабының 11-тарауын қара.
-
-
Иса — уәде етілген МәсіхКиелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
-
-
ҚОСЫМША
Иса — уәде етілген Мәсіх
МӘСІХТІҢ кім екенін анықтай алуымыз үшін Ехоба Құдай рухының жетелеуімен өзінің пайғамбарларына сол уәде етілген Құтқарушының туылуы, қызметі және өлімі жайлы жайттарды жаздыртқан. Киелі кітаптағы осы пайғамбарлықтардың барлығы Иса Мәсіхтің өмірінде орындалды.
-