57-ӘН
Барша жанға уағыздайық
1. Үлгі болған біздің Құдайымыз
Адамдарды еш бөліп-жармайды.
Құшақ жайып ол барша адамға,
Құтқаруды әрбірін қалайды.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ұлт демей, нәсіл демей,
Келбетінен сескенбей,
Біз бәріне айтамыз хабарды.
Жүрегі ақ адамдар,
Барлық жерден табылар,
Дос қылатын Ехоба Құдайды.
2. Қайда жүрсе де, қандай болса да,
Алаламаймыз біз адамдарды.
Жүрегіне өйткені үңіліп,
Құдайымыз таңдайды оларды.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ұлт демей, нәсіл демей,
Келбетінен сескенбей,
Біз бәріне айтамыз хабарды.
Жүрегі ақ адамдар,
Барлық жерден табылар,
Дос қылатын Ехоба Құдайды.
3. Зұлым заманға ермеуді шешкен
Барша жанға Ехоба “Кел!” дейді.
Үлгі етіп Құдайды уағызда,
Адамдарды бөлгіміз келмейді.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Ұлт демей, нәсіл демей,
Келбетінен сескенбей,
Біз бәріне айтамыз хабарды.
Жүрегі ақ адамдар,
Барлық жерден табылар,
Дос қылатын Ехоба Құдайды.
(Жох. 12:32; Ел. іс. 10:34; Тім. 1-х. 4:10; Тит. 2:11 қараңыз.)