ҚОРШАУ 7Ә
Езекиел кітабындағы негізгі тіркестер
“Адам ұлы”
90-НАН АСТАМ РЕТ КЕЗДЕСЕДІ
Езекиел 90-нан астам рет “адам ұлы” деп аталған (Езек. 2:1). Осылай Ехоба Езекиел көп мәртебеге бөленсе де, ол жай ғана пенде екенін оның есіне салып отырды. Көңіл қояр тағы бір жайт, Иса да Ізгі хабардың төртеуінде 80-нен астам рет “Адам ұлы” деп аталады. Бұл оның адам денесімен келген періште емес, кәдімгі адам болып туылғанын білдіреді (Мат. 8:20).
“Ехоба екенімді білетін боласыңдар/болады”
50-ДЕН АСТАМ РЕТ КЕЗДЕСЕДІ
Ехоба Езекиел кітабында “Ехоба екенімді білетін боласыңдар”, “Ехоба екенімді білетін болады” деп 50-ден астам рет айтқан. Бұл сөздер таза ғибадатқа тек Ехоба ғана лайық екеніне екпін түсіреді (Езек. 6:7).
“Әлемнің Әміршісі Ехоба”
212 РЕТ КЕЗДЕСЕДІ
“Әлемнің Әміршісі Ехоба” деген тіркестің 212 рет кездескені Ехобаның есімін тиісті даңққа бөлейді, әрі күллі жаратылыс оған бағынышты екенін айқын көрсетеді (Езек. 2:4).