Шежірелер 1-жазба
3 Дәуіттің Хебронда туылған ұлдары+: тұңғышы — езрехелдік әйелі Ахиноғамнан+ туған Амнон+; екіншісі — кармилдік әйелі Әбигелден+ туған Даниял; 2 үшіншісі — Гесур патшасы Талмайдың қызы Мағақтан туған Абессалом+; төртіншісі — Хагиттен туған Адониях+; 3 бесіншісі — Шафатиях, оның анасы Әбитал; алтыншысы — Итерам, оның анасы Дәуіттің әйелі Егла. 4 Осы алты ұлы Хебронда туылды. Дәуіт сол жерде 7 жыл 6 ай, ал Иерусалимде 33 жыл патшалық етті+.
5 Иерусалимде дүниеге келген ұлдары мыналар+: Шима, Шобаб, Натан+, Сүлеймен+. Бұл төртеуін Әмиел қызы Барсабия+ туып берді. 6 Дәуіттің тағы тоғыз ұлы болды: Ебхар, Елишама, Елипелет, 7 Ногах, Нефег, Япия, 8 Елишама, Елияда және Елипелет. 9 Бұлардың бәрі Дәуіттің ұлдары. Осыларға қоса, оның кәнизактарынан туған ұлдары да бар еді. Оның Тамар+ есімді қызы да болды.
10 Сүлейменнен Робоғам+ туды, одан Әбиях+, одан Аса+, одан Жосафат+, 11 одан Жорам+, одан Ахазия+, одан Жоғас+, 12 одан Амазиях+, одан Азариях+, одан Жотам+, 13 одан Ахаз+, одан Езекия+, одан Манаса+, 14 одан Амон+, одан Жосия+ туды. 15 Жосияның ұлдары: тұңғышы — Жоханан, екіншісі — Ехоякім+, үшіншісі — Седекия+, төртіншісі — Шалум. 16 Ехоякімнің ұлдары: Ехония+ және Седекия. 17 Ехонияның тұтқында жүргенде туған ұлдары: Салател, 18 Малхирам, Педаях, Шеназар, Екамиях, Хошама және Недабия. 19 Педаяхтың ұлдары: Зоробабел+ және Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам және Хананиях (оның Шеломит атты қызы да болды). 20 Зоробабелдің тағы бес ұлы бар еді: Хашубах, Охел, Берекия, Хасадиях, Юшаб-Кесед. 21 Хананияхтың ұлдары: Пелатиях және Ешаях. Ешаяхтың ұлы Рефаях; Рефаяхтың ұлы Арнан; Арнанның ұлы Абадия; Абадияның ұлы Шехания; 22 Шеханияның ұрпақтары: өз ұлы Шемаях, сондай-ақ Шемаяхтың ұлдары: Хатуш, Иғал, Бариях, Неғария және Шафат — барлығы алтау. 23 Неғарияның ұлдары: Елионай, Хезкия және Азриқам — барлығы үшеу. 24 Елионайдың ұлдары: Ходабиах, Елиасып, Пелаях, Ақұп, Жоханан, Делаях және Анани — барлығы жетеу.