Езра
2 Мыналар бағынышты аймақтың* тұрғындары. Кезінде оларды Бабыл патшасы Навуходоносор тұтқындап, Бабылға жер аударған+. Кейіннен босатылып, Иерусалим мен Яһудаға, әрқайсысы өз қаласына оралған+. 2 Олардың жетекшілері: Зоробабел+, Ешуа+, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Білшан, Миспар, Бигуай, Рехум, Бағанах.
Исраилдік ер кісілердің жалпы саны+: 3 Пароштың ұрпағы — 2172, 4 Шафатияхтың ұрпағы — 372, 5 Арахтың+ ұрпағы — 775, 6 Пахат-Моабтың+ ұлдары Ешуа мен Жоғабтан тараған ұрпағы — 2812, 7 Еламның ұрпағы+ — 1254, 8 Затудың ұрпағы+ — 945, 9 Зақайдың ұрпағы — 760, 10 Банидің ұрпағы — 642, 11 Бебайдың ұрпағы — 623, 12 Азғаттың ұрпағы — 1222, 13 Адониқамның ұрпағы — 666, 14 Бигуайдың ұрпағы — 2056, 15 Әденнің ұрпағы — 454, 16 Езекияның әулетінен шыққан Атердің ұрпағы — 98, 17 Бесайдың ұрпағы — 323, 18 Жорахтың ұрпағы — 112, 19 Хашумның ұрпағы+ — 223, 20 Гибардың ұрпағы — 95, 21 Бетлехемнің адамдары — 123, 22 Нетопаның адамдары — 56, 23 Анатоттың+ адамдары — 128, 24 Азмауеттің адамдары — 42, 25 Кирият-Еғаримнің, Кефира мен Бероттың адамдары — 743, 26 Рамақ+ пен Гебаның+ адамдары — 621, 27 Миқмастың адамдары — 122, 28 Бетел мен Гайдың+ адамдары — 223, 29 Небоның+ адамдары — 52, 30 Мағбиштің ұрпағы — 156, 31 Басқа Еламның ұрпағы — 1254, 32 Харимнің ұрпағы — 320, 33 Лод, Хадид пен Ононың адамдары — 725, 34 Иерихонның адамдары — 345, 35 Сенахтың ұрпағы — 3630.
36 Діни қызметкерлер+: Едаяхтың+ Ешуадан+ тараған ұрпағы — 973, 37 Имердің ұрпағы+ — 1052, 38 Пашхурдың ұрпағы+ — 1247, 39 Харимнің ұрпағы+ — 1017.
40 Леуіліктер+: Ходабиахтан тараған Ешуа мен Кадмиелдің ұрпағы+ — 74; 41 әншілер+: Асаптың+ ұрпағы — 128; 42 қақпа күзетшілері+: Шалум, Атер, Талмон+, Ақұп+, Хатита мен Шобайдың ұрпақтарының барлығы — 139 адам.
43 Ғибадатхана қызметшілері*+: Зиханың үрім-бұтағы, Хасупаның үрім-бұтағы, Табаоттың үрім-бұтағы, 44 Керостың үрім-бұтағы, Сияхтың үрім-бұтағы, Падонның үрім-бұтағы, 45 Лебанақтың үрім-бұтағы, Қағабақтың үрім-бұтағы, Ақұптың үрім-бұтағы, 46 Хагаптың үрім-бұтағы, Салмайдың үрім-бұтағы, Хананның үрім-бұтағы, 47 Гиделдің үрім-бұтағы, Ғахардың үрім-бұтағы, Реяхтың үрім-бұтағы, 48 Ресиннің үрім-бұтағы, Некоданың үрім-бұтағы, Ғазамның үрім-бұтағы, 49 Ұзаның үрім-бұтағы, Пасеахтың үрім-бұтағы, Бесайдың үрім-бұтағы, 50 Аснаның үрім-бұтағы, Меунимнің үрім-бұтағы, Нефисимнің үрім-бұтағы, 51 Бақбұқтың үрім-бұтағы, Хакупаның үрім-бұтағы, Хархурдың үрім-бұтағы, 52 Базлұттың үрім-бұтағы, Мехиданың үрім-бұтағы, Харшаның үрім-бұтағы, 53 Баркостың үрім-бұтағы, Сисараның үрім-бұтағы, Темақтың үрім-бұтағы, 54 Незияхтың үрім-бұтағы, Хатипаның үрім-бұтағы.
55 Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпағы: Сотайдың үрім-бұтағы, Софереттің үрім-бұтағы, Перуданың үрім-бұтағы+, 56 Ялахтың үрім-бұтағы, Дарқонның үрім-бұтағы, Гиделдің үрім-бұтағы, 57 Шафатияхтың үрім-бұтағы, Хатилдің үрім-бұтағы, Похерет-Хазебайымның үрім-бұтағы, Әмидің үрім-бұтағы.
58 Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің үрім-бұтағының жалпы саны — 392 адам.
59 Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддон және Имерден келген, бірақ өздерінің қай әулеттен шыққанын, Исраил халқына жататын-жатпайтынын дәлелдей алмағандар мыналар+: 60 Делаяхтың, Тобияның, Некоданың ұрпақтары. Барлығы — 652 адам. 61 Діни қызметкерлердің ұрпақтарынан: Хабаях, Хакоз+ және Барзилайдың ұрпақтары. Соңғысы ғалақаттық Барзилайдың+ бір қызына үйленіп, солардың атымен аталып кеткен. 62 Осылар шежіреден ататектерін іздеп көріп еді, таба алмады. Сондықтан діни қызметке жарамсыз деп, одан шеттетілді+. 63 Содан әмірші* оларға осы мәселені урим мен туммим+ арқылы шешіп бере алатын діни қызметкер шықпайынша, аса киелі нәрселерден жемеу керектігін айтты+.
64 Бүкіл қауымның жалпы саны 42 360 болды+. 65 Бұлардан басқа құл-күңдердің саны — 7337, әнші еркектер мен әйелдердің саны — 200. 66 Оларда 736 жылқы, 245 қашыр, 67 сондай-ақ 435 түйе және 6720 есек болды.
68 Олар Иерусалимдегі Ехобаның үйіне келгенде, кейбір әулетбасылары Құдайдың үйін бұрынғы орнында қайта соғу үшін+ ерікті сый-тартулар жасады+. 69 Шама-шарқына қарай олар бұл істің қазынасына 61 000 алтын драхма*, 5000 күміс мина*+, діни қызметкерлерге арналған 100 ұзын жеңді көйлек берді. 70 Діни қызметкерлер, леуіліктер, халықтың арасынан біраз адам, әншілер, қақпа күзетшілері мен ғибадатхана қызметшілері өз қалаларына, ал қалған исраилдіктер өз қалаларына қоныстанды+.