Әйүп
13 Иә, мен осының бәрін көзіммен көріп,
Құлағыммен естіп, мәнін ұқтым.
2 Сендер білетінді мен де білемін,
Сендерден еш кем емеспін.
3 Мен Құдіреті шексіз Құдайға тіл қатып,
Онымен тартысқа түскім келеді+.
4 Ал сендер маған күйе жағасыңдар,
Бәрің де түкке тұрғысыз емшісіңдер+!
5 Үндеріңді шығармай отырғандарыңда ғой,
Көрсеткен даналықтарың осы болар еді+.
6 Келтірген дәлелдеріме құлақ түріңдерші,
Өтініштеріме ден қойыңдаршы.
7 Құдайды жақтау үшін жалған сөйлейсіңдер ме?
Оған болысам деп, өтірік айтасыңдар ма?
8 Құдайдың жағына шығып,
Сотта соның сөзін сөйлегілерің келе ме?
9 Ал егер ол өздеріңе қарсы шығып, тексерсе ше+?
Оны пенде сияқты алдай аламыз деп ойлайсыңдар ма?
10 Көкейлеріңде алалаушылық болса,
Оның сендерді әшкерелейтіні сөзсіз+.
11 Құдайдың ұлылығы зәрелеріңді ұшырмай ма?
Оның алдында бойларыңды үрей билемей ме?
12 Сендердің ғибрат сөздерің күл-қоқыстай нәрсіз,
Дәлелдерің қыш қалқандай әлсіз.
13 Үндеріңді шығармаңдар, мен өзім сөйлейін,
Ал бұдан кейін не болса о болсын!
14 Неге мен басымды қатерге тігіп,
Жанымды шүберекке түйіп отырмын?
15 Ол мені сұлатып салмақ болса да, үмітімді үзбей+,
Алдында тұрып, өз ісімді қорғар едім.
17 Сөзімді мұқият тыңдаңдаршы,
Айтқандарыма ден қойыңдаршы.
18 Міне, мен сот ісіне дайынмын,
Өзімнің ақ екенімді де білемін.
19 Маған айып тағатын біреу бар ма?
Үнсіз қалғанша өлгенім артық!*
20 Уа, Құдайым, сенен жасырынып жүрмеуім үшін,
Өзіңнен сұрар екі-ақ тілегім бар:
21 Құдіретті қолыңды менен алшақтата көр,
Үрейімді ұшырып қорқытуды доғара көр+.
22 Шақырып алып сұрашы, мен жауап берейін,
Я болмаса мен сұрайыншы, ал сен жауап бер.
23 Жазығым не, қандай күнә жасадым?
Қателігім мен жасаған күнәмді айтшы.
25 Жел айдаған жапырақты қорқытып,
Қураған сабанның соңына түскің келе ме?
26 Өйткені маған тағылған айыптарды жіпке тізіп,
Жастық шағымның күнәлары үшін жауапқа тартудасың.
27 Аяғымды бұғаулап тастадың,
Жолдарымды бағып жүресің,
Қыр соңымнан қалмай ізімді аңдисың.
28 Осылайша адам* әбден тозығы жеткен,
Күйе жеген киімдей шіріп жоқ болады.