Әйүп
29 Әйүп сөзін жалғап былай деді:
2 “Шіркін, өткен айлар қайта айналып келсе ғой!
Ол кезде Құдай маған көз қырын салып жүруші еді.
4 Бұл менің өмірімнің ең жарқын кездері еді,
Құдай жақын досым ретінде шатырымда болушы еді+.
5 Бұл Құдірет Иесі* менен бас тартпаған,
Балаларым да көз алдымда жүрген кез болатын.
8 Мені көргенде, жастар жол беретін,
Тіпті қарттар да орындарынан түрегеліп тұратын+.
9 Бекзадалар сөздерін тыйып,
Алақандарымен ауыздарын жабатын.
10 Беделді кісілердің үні шықпай,
Тілдері таңдайларына жабысып қалатын.
11 Сөзім құлағына жеткендер жылы лебізін білдіретін,
Өзімді көзімен көргендер қолпаштап сөйлейтін.
14 Әділдікті киім қылдым,
Әділеттікті үстіме шапан, басыма шалма етіп кидім.
15 Зағипқа көз,
Ақсаққа аяқ болдым.
16 Жарлы-жақыбайға әке болдым+.
Бейтаныс адамдардың ісін қарап, төрелік еттім+.
17 Қылмыскердің жағын сындырып+,
Жемтігін аузынан жұлып алатынмын.
19 Тереңдегі суларға дейін тамыр жаямын,
Бұтақтарымда түні бойы шық тұрады.
20 Атақ-даңқым еш өшпейді,
Қолымдағы садағым да үздіксіз ата береді”.
21 Жұрт мені ден қойып тыңдап,
Кеңес бергенімше үнсіз күтетін+.
22 Менің сөзімнен кейін ешкімнің алып-қосары болмайтын,
Өйткені айтқандарым құлақтарына майдай жағатын.
23 Олар мені жаңбырды күткендей күтетін,
Сөздерімді көктемгі жауынның суындай сіміретін+.