Әйүп
2 Танауынан жіп өткізіп,
Жағын қармақпен тесе аласың ба?
3 Ол саған жалынып-жалбарына ма?
Әлде жұмсақ сөйлесе ме?
4 Мәңгілік құлың болу үшін
Сенімен келісім жасаса ма?
5 Онымен құспен ойнағандай ойнайсың ба?
Қыздарыңның көңілін аулау үшін байлап бересің бе?
6 Жұрт оны бірдеңеге айырбастай ма?
Саудагерлердің бөлісіне сала ма?
8 Кәне, оған қолыңды тигізші,
Күрескеніңді еш ұмытпайсың, енді қайтып қайталамайсың да!
9 Оны бағындырамын деген ойдың өзі бос әуре,
Түрінен-ақ зәрең қалмай қорқасың.
10 Оның мазасын алуға ешкімнің дәті бармайды.
Ендеше менің алдымда кім тұра алады+?
11 Мен қайтарып беретіндей, кім маған алдымен бірдеңе берген еді+?
Аспан астындағының бәрі де менікі+.
12 Левиафанның аяқтары,
Ерен күші мен дене бітімі жөнінде де айтайын.
13 Оның сырт киімін сыпырып алу кімнің қолынан келеді?
Ашық тұрған аранына кім ене алады?
14 Оның апандай аранын ашқан адам бар ма?
Қаз-қатар тістері үрейіңді ұшырады.
15 Арқасы мүйізше қалқандармен қапталған*,
Олар өзара тығыз біріктірілген.
16 Тығыз орналасқаны сонша —
Араларынан тіпті ауа да өтпейді.
17 Олар бір-біріне берік бекітілген,
Өзара қапсыра жапсырылып, еш ажырамайды.
18 Ол пысқырғанда, жалын шашады,
Көзі таң шапағындай ұшқын атады.
19 Аранынан найзағай жарқылдайды,
От ұшқыны шашырайды.
20 Қамыс өртеген пештен шыққандай,
Танауынан түтін бұрқырайды.
21 Демінен көмір тұтанады,
Аузынан жалындап от шығады.
22 Мойнының күші ғаламат зор,
Өзіне тап болғандардың зәресін ұшырады.
23 Денесінің қатпарлары біте жабысқан,
Темірден балқытып құйғандай қатты әрі жылжымайды.
24 Жүрегі зіл қара тастай,
Иә, диірменнің астыңғы тасындай қатты.
25 Ол түрегелгенде, мықтыларды да үрей билейді,
Айбарлы қимылынан естері кетіп, кері шегіншектейді.
26 Оған семсер де өтпейді,
Оны найза, сүңгі, садақ та алмайды+.
27 Ол темірді сабан құрлы,
Мысты шіріген ағаш құрлы көрмейді.
28 Атылған жебеден қашпайды,
Сақпан тастарын қауыздай көреді.
29 Сойыл оған сабанмен бірдей,
Ысқыра ұшқан сүңгіге күле қарайды.
30 Бауырындағы қабыршақтар көзе сынықтарындай өткір,
Ол астық бастыратын ағаштай, балшықта көсіліп жатады+.
31 Тұңғиықты қазандай қайнатады,
Теңізді май қайнап жатқан қазандай бұрқылдатады.
32 Жүзгенде артынан жалтыраған із қалдырады,
Мұны көргендер тұңғиықтың ақ шашы бар екен деп қалады.
33 Жер бетінде ол сияқты хайуан жоқ,
Ол қорқу дегенді білмейді.
34 Кез келген тәкаппар хайуанға тайсалмай қарайды,
Ол — күллі жабайы аңдардың патшасы!”