Әйүп
2 Ол көлеңкені аңсаған құлға,
Жалақысын күткен жалшыға ұқсайды+.
3 Менің де үлесіме түкке тұрғысыз айлар,
Қасіретке толы түндер тиді+.
4 Жатарда: —Қашан тұрар екенмін?— деп ойлаймын+,
Түн ұзаққа созылып, таң атқанша дөңбекшіп шығамын.
7 Уа, Құдайым, өмірімнің небәрі жел екенін ұмытпашы+!
Енді қайтып мен игілік көрмеспін.
8 Мені көріп тұрған көздер енді қайтып көрмейді,
Сен мені іздейсің, бірақ мен жоқ боламын+.
12 Күзеттіріп қоятындай, мен теңізбін бе?
Әлде теңіз құбыжығымын ба?
13 Төсегім мені жұбатсын,
Жататын орным азабымды жеңілдетсін деп едім,
14 Сен болсаң түстер көрсетіп қорқытып,
Аяндар беріп шошыттың.
15 Сонда мен өз тәнімнен жеріп,
Буынып өлуді артық көрдім+.
16 Өмірден жиренемін+, бұдан әрі тірі жүргім келмейді.
Мені жайыма қалдыра көр, себебі күндерім небәрі бу ғой+!
17 Жұмыр басты пендеге бола әлекке түсесің бе?
Ол назар салуыңа тұра ма+?
18 Несіне оны таң атқан сайын тексеріп,
Әр сәт сайын сынайсың+?
19 Тым құрыса сілекейімді жұтып алғанша, назарыңды тайдырып,
Бір сәтке жайыма қалдырмас па екенсің+?
20 Күнә жасасам, саған қандай зиян келтірер едім, уа, адамзаттың Бақылаушысы+?
Неге мені өзіңе нысана етіп алдың?
Мен саған ауыртпалық түсірдім бе?
21 Неге заңсыздығымды кешіріп,
Қателігіме ғапу етпейсің?
Көп ұзамай жер қойнына кірермін+,
Сонда мені іздейсің, бірақ мен жоқ боламын”.