Зәбүр
Қысым көріп, бойын үмітсіздік билеген адамның Ехобаның алдында мұңын шаққан дұғасы+.
3 Өйткені күндерім түтіндей сейіліп барады,
Сүйектерім қызған шоқтай алаулайды+.
4 Тамаққа тәбетім болмай,
Жүрегім қан жылап, шөптей қурап қалды+.
5 Қатты қиналып ыңқылдағанымнан+
Жүдеп, терім сүйегіме жабысып қалды+.
6 Мен құла түздегі бірқазанға,
Үйінділер арасындағы байғызға ұқсаймын.
8 Дұшпандарым күнұзаққа мені қорлайды+,
Мазақ қылып, менің атыммен қарғанады.
10 Сен ашу шақырып, кәріңді төккендіктен осылай істеймін.
Лақтырып тастау үшін сен мені жоғары көтердің.
13 Орныңнан түрегеліп, міндетті түрде Сионға мейірімділік танытасың+,
Өйткені оған ықыласыңды түсіретін уақыт келді+.
Белгіленген уақыт келіп жетті+.
15 Күллі ұлттар Ехобаның есімінен қорқатын болады,
Жер бетінің барлық патшалары да оның ұлылығынан қаймығады+.
21 Сонда Сионда Ехобаның есімі жарияланады+,
Иерусалимде даңқы артады.
22 Бұл халықтар мен патшалықтар
Ехобаға қызмет ету үшін жиналғанда жүзеге асады+.
23 Ол мені қауқарымнан тым ерте айырды,
Күндерімді қысқартты.
24 Сонда мен былай дедім: “Уа, Құдайым,
Сен мәңгі бар болатын Құдайсың+,
Өмірімді бел ортасынан үзе көрмеші.
26 Олар құрып кетеді, бірақ сен қаласың.
Аспан мен жер киім іспетті тозады,
Сен оларды көйлек іспетті ауыстырасың, сонда олар жоқ болады.
27 Ал сен еш өзгермейсің, ғұмырың да еш таусылмайды+.
28 Қызметшілеріңнің балалары қауіпсіз өмір сүреді,
Олардың ұрпақтары да алдыңда қауіпсіз ғұмыр кешеді+”.