Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
140 Уа, Ехоба, мені зұлымдардан құтқаршы,
Жауыз адамдардан қорғашы+.
2 Олар жүректерінде зымияндық ойлайды+,
Күні бойы соғысуды доғармайды.
4 Уа, Ехоба, мені зұлымдардың қолынан сақташы+,
Жауыз адамдардан қорғашы,
Олар аяғымнан шалып құлатпақшы.
5 Өркөкіректер маған тұзақ құрды,
Жолыма торларының жіптерін жайды+.
Олар маған тор құрды+. (Села)
6 Мен Ехобаға былай деймін: “Сен менің Құдайымсың.
Уа, Ехоба, жалбарынып көмекке шақырғанымда ести көрші!”+
7 Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба, менің мықты Құтқарушым,
Шайқас күні басымды дулығадай қорғадың+.
8 Уа, Ехоба, зұлымның қалауын орындамашы,
Зымияндығы жүзеге асып, асқақтауына жол бермеші+. (Села)
9 Мені қоршағандардың айтқан зұлымдықтары өз бастарына келсінші+.
10 Үстеріне қызып тұрған шоқ жаусыншы+,
Олар отқа, терең орға лақтырылып+,
Сол жерден қайтып шықпасыншы.
11 Жалақорға жер бетінен орын табылмасыншы+,
Жауыздарды зұлымдық өкшелей қуып, сұлатсыншы.
12 Білемін, Ехоба бейшара жандарды қорғайды,
Жарлылар үшін әділдік орнатады+.
13 Әділдер есіміңді дәріптейді,
Турашылдар алдыңда өмір сүреді+.