Зәбүр
Маскил*. Дәуіттің үңгірде болғанда айтқан дұғасы+.
142 Ехобаны дауыстап көмекке шақырдым+,
Ықыласын түсіруін сұрап, Ехобаға жалындым.
Сонда сен жолымды қадағаладың+.
Жауларым жүретін жолыма тұзақ құрды.
4 Оң жағыма қарашы,
Мені ойлайтын ешкім жоқ екенін көресің+.
Мен үшін қашып тығылар жер қалмады+;
Ешкім қамымды ойламайды.
5 Уа, Ехоба, өзіңді көмекке шақырамын.
“Сен менің панамсың+,
Тірілер жеріндегі жалғыз үлесімсің”,— деймін.
6 Көмек сұрап жалбарынған үніме ден қойшы,
Өйткені мен әбден қалжырадым.
Қудалаушыларымнан мені құтқаршы+,
Өйткені олар менен күшті.
7 Мені зынданнан алып шықшы,
Есіміңді мадақтайын.
Айналама әділдер жиналсыншы,
Себебі сен маған мейіріміңді түсірдің.