Зәбүр
Ескертпе болу үшін жазылған Дәуіттің жыры.
38 Уа, Ехоба, мені ашуыңмен жөнге салмашы,
Қаһарыңмен түзетпеші+.
2 Себебі жебелерің денеме терең қадалды,
Қолың зілдей боп үстімнен басып тұр+.
4 Өйткені күнәларым басымнан асып кетті+,
Көтере алмас жүк болып еңсемді басты.
5 Ақымақтығымның кесірінен жараларым іріңдеп, иістенді.
6 Мен азапқа түсіп, мейлінше бүгіліп қалдым,
Күні бойы қайғырып жүрумен болдым.
7 Ішімнің бәрі күйіп барады,
Тұла бойымның ауырмаған жері жоқ+.
8 Мен сілейіп қатып қалдым, мүлдем күйредім;
Жүрегім азапқа түсіп, қатты ыңыранамын.
9 Уа, Ехоба, өзіңе аян бар тілегім,
Құпия емес саған күрсіністерім.
11 Ауруымды көріп, дос-жарандарым қашқақтайды,
Таныстарым да менен іргесін аулақ салады.
12 Жанымды іздеп жүргендер маған тұзақ құрады,
Жамандық ойлайтындар қастық жасау туралы айтады+,
Олар күні бойы күбірлесіп, өтірік сөйлейді.
14 Мен керең адамға ұқсадым,
Өзімді қорғау үшін аузымнан сөз шығармадым.
16 Мен өзіме: “Олар мені табаламаса екен,
Аяғым тайғанда, менсінбей, асқақтамаса екен”,— дедім.
17 Себебі мен құлдырауға шақ қалып ем,
Жан азабымнан еш арыла алмап ем+.
19 Ал жауларым қайратты да қуатты*,
Мені еш себепсіз жек көретіндер көбейіп кетті.
20 Олар жақсылығыма жамандықпен қайтарды,
Жақсылыққа ұмтылғаным үшін маған қарсы шықты.
21 Уа, Ехоба, мені тастап кетпеші,
Уа, Құдайым, менен алшақ тұра бермеші+.
22 Тезірек көмекке келші,
Уа, құтқарушым Ехоба+!