Мұсаның 2-жазбасы
5 Сосын Мұса мен Харон перғауынға барып, мынаны айтты: “Исраилдің Құдайы Ехоба: —Менің халқымды жібер, шөл далаға барып, маған арнап мейрам өткізсін,— дейді”. 2 Бірақ перғауын: “Айтқанын істеп, Исраил халқын жіберетіндей+, Ехоба деген кім сонша+? Мен Ехобаның кім екенін білмеймін, Исраил халқын да жібермеймін+”,— деді. 3 Олар болса: “Исраилдіктер* сиынатын Құдай бізге көрінді. Шөл далаға үш күнге барып*, Ехоба Құдайымызға құрбандық шалмақ едік, бізді жібере көріңіз+. Әйтпесе ол бізді індетпен не семсердің жүзімен жазалайды”,— деді. 4 Бұған Мысырдың патшасы: “Мұса, Харон, сендер халықты ісінен неге алаңдатасыңдар? Барыңдар, жұмыстарыңды істеңдер+!”— деді. 5 Артынан: “Бұл елде халықтарың көп. Енді солардың бәрі жұмыстарын тастап, сендерге ерсін деп тұрсыңдар ма?”— деп қосты.
6 Сол күні перғауын басқарушылар мен олардың көмекшілеріне* былай деп бұйырды: 7 “Мына халыққа кірпіш құю үшін, бұдан былай сабан бермеңдер+! Оны өздері жинап алсын! 8 Алайда құйылатын кірпіш санын азайтпай, сол күйі қалдырыңдар. Олар босаңсып* кетті. Сондықтан ғой олардың “біз барып, Құдайымызға құрбандық шалғымыз келеді” деп шулап жүргені. 9 Бос сөзге ермеу үшін, олардың жұмыстарын ауырлатып, бас көтертпеңдер!”
10 Перғауынның алдынан кеткен соң, басқарушылар+ мен олардың көмекшілері халыққа мынаны айтты: “Перғауын “сендерге ендігәрі сабан бермеймін, 11 өздерің барып сабан тауып алыңдар, бірақ жұмыстарыңның көлемі азаймайды” деп жатыр”. 12 Сөйтіп, жұрт Мысырдың түкпір-түкпіріне тарап, егіндіктен сабан жинауға кірісті. 13 Басқарушылар: “Күнделікті атқаратын жұмыстарыңның көлемі сабан беріліп тұрған кездегідей болсын”,— деп, оларды қыспақтай берді. 14 Кейінірек перғауынның басқарушылары өздері тағайындаған исраилдік көмекшілеріне: “Неге кеше де, бүгін де құйған кірпіштеріңнің саны әдеттегіден аз?”— деп, оларды соққының астына алды+.
15 Сонда исраилдік көмекшілер перғауынға барып, былай деп шағымдарын айтты: “Неге құлдарыңызға бұлай істейсіз? 16 Сабан берілмесе де, құлдарыңыздан кірпіш құю талап етіліп жатыр. Өз халқыңыз кінәлі болса да, бізді ұрып-соғуда”. 17 Бірақ перғауын: “Сендер босаңсып кеттіңдер! Жалқаусыңдар+! Содан ғой “Біз барып, Ехобаға құрбандық шалғымыз келеді+” деп жүргендерің. 18 Жұмыстарыңа барыңдар! Сендерге ешқандай сабан берілмейді, құятын кірпіш саны да азайтылмайды!”— деді.
19 Исраилдік көмекшілер “күнделікті құятын кірпіш санын еш азайтпаңдар” деген бұйрықты естігенде, жағдайларының мүшкіл екенін түсінді. 20 Перғауыннан шығып келе жатып, олар сол жерде өздерін күтіп тұрған Мұса мен Харонға кезікті. 21 Олар екеуіне: “Перғауын мен оның қызметшілеріне бізді жеккөрінішті етіп, көзімізді құрту үшін қолдарына семсер бердіңдер. Сендерді Ехоба соттасын!”+— деді. 22 Сонда Мұса Ехобаға: “Уа, Ехоба, неге мына халықты сонша азапқа салдың? Мені не үшін жібердің? 23 Перғауынға сенің атыңнан сөйлегелі бері+, халыққа одан бетер қиянат жасайтын болды+. Ал сен халқыңды құтқарамын деп, құтқарған жоқсың+”,— деді.