Ишая
45 Ехоба өзінің майланғаны Кирге+ мынаны айтады,
Оның алдында ұлттарды бағындырып+,
Патшаларды қарусыздандыру үшін,
Алдында қала қақпалары жабылмай,
Қос қақпалар ашылу үшін,
Өзі оң қолынан ұстап тұрған Кирге+ былай дейді:
2 “Мен алдыңда жүріп+, төбелерді тегістеймін.
Мыс есіктерді тас-талқан етемін,
Темір ысырмаларды сындырамын+.
Сонда менің Ехоба екенімді,
Атыңды атап шақырған Исраилдің Құдайы екенімді білетін боласың+.
4 Қызметшім Жақып үшін, таңдап алған қызметшім Исраил үшін,
Сені атыңды атап шақырамын.
Мені әлі білмесең де, саған сыйлы есім беремін.
5 Мен Ехобамын, менен басқа ешкім жоқ.
Менен өзге Құдай жоқ+!
Мені әлі білмесең де, саған күш дарытамын.
Мен Ехобамын, менен басқа ешкім жоқ+.
Мен, Ехоба, осылардың бәрін істеп жатырмын.
8 Ей, көк, жерге жаңбыр жаудыр+!
Бұлттардан әділдік себелесін,
Жер оянып, құтқарылудың тұқымы өсіп шықсын.
Құтқарылумен қоса, әділдік те өсіп шықсын+.
Мұны жаратқан мен — Ехоба”.
9 Жаратушысымен сөз таластыратын адам қасіретке қалады.
Себебі ол — небәрі қыш ыдыстың сынығы,
Жерде жатқан сынықтардың бірі!
Сазбалшық Құмырашыға: “Не істеп жатырсың?”— дей ме+?
Өзің жасаған бұйым: “Оның қолынан түк келмейді!”— деуші ме еді?*
10 Әкесіне: “Мені неге дүниеге әкелдің?”
Шешесіне: “Мені несіне тудың?”— дейтін адам қасіретке қалады.
11 Исраилдің Киелі Құдайы+ әрі Жаратушысы Ехоба мынаны айтады:
“Сендер менен болашақтағы жайттар туралы сұрамақсыңдар ма?!
Ұлдарыма+ және қолымнан шыққан істеріме қатысты ақыл айтпақсыңдар ма?!
12 Жер мен ондағы адамды жаратқан — мен+.
Мұны айтып отырған — Әскербасы Ехоба.
14 Ехоба мынаны айтады:
Кісенделген күйі соңыңнан ереді.
Саған келіп, иіліп тағзым етеді+.
Құрмет көрсетіп: “Құдай саған жар+. Одан өзге ешкім жоқ.
Одан басқа Құдай жоқ”,— дейтін болады”.
17 Ал Исраилді Ехоба мәңгіге құтқарады+.
Сендер ешқашан ұятқа қалмайсыңдар, масқара да болмайсыңдар+.
Ехоба мынаны айтады: “Мен Ехобамын, менен өзге Құдай жоқ.
19 Мен жасырын жерде, түнек басқан елде сөйлеген жоқпын+.
Жақыптың ұрпағына: —Мені іздеңдер, бірақ бұларыңнан түк шықпайды,— демедім.
Мен Ехобамын, мен әділдікті айтып, туралықты жариялаймын+.
Ағаштан жасалған пұттарын көтеріп жүргендер,
Құтқара алмайтын құдайға дұға ететіндер түк білмейді+.
21 Кәне, айтыңдар, дәлел келтіріңдер.
Олар бірігіп, ақылдассын.
Кім мұны ұзақ уақыт бұрын алдын ала айтты?
Кім бұрындары жариялады?
Мен, Ехоба, емес пе?!
Менен басқа Құдай жоқ.
Менен өзге әділ Құдай да, құтқарушы да жоқ+.
23 Мен өз есіміммен ант еттім.
Аузымнан тек шындық шығады,
Әрі өзіме қайтып оралмайды+.
Алдымда әрбір адам тізе бүгеді,
Әрбір тіл адалдықпен ант беріп+,
24 Былай дейді: —Нағыз әділдік пен күш-қуат тек Ехобада.
Оған ашуланатындардың бәрі ұятқа қалып, алдына келеді.