Езекиел
4 Адам ұлы, бір кірпіш алып, алдыңа қой да, бетіне Иерусалим қаласын ойып сал. 2 Қаланы қоршауға алып+, бекініс тұрғыз+, оған қарсы үйінді жаса, әскери қостар орналастыр және айналдыра қамал бұзатын қарулар орнат+. 3 Бір темір таба алып, оны өзің мен қаланың арасына темір дуал іспетті етіп орналастыр да, бетіңді қалаға бұр. Осылайша оның қоршауға алынатынын көрсет. Бұл Исраил үйі үшін белгі болмақ+.
4 Ал өзің сол жамбасыңмен жат, осылай Исраил үйінің күнәсін өз мойныңа аласың+. Сол жамбасыңмен қанша күн жатсаң, сонша күн олардың күнәсі мойныңда болады. 5 Олар қанша жыл күнә жасаса, соған сай саған 390 күн белгілеймін де+, сен Исраил үйінің күнәсін өз мойныңа аласың. 6 Осы күндердің бірін де жіберме. Бұдан соң оң жамбасыңмен жатып, 40 күн бойы Яһуда үйінің+ күнәсін мойныңа аласың. Мен саған бір жыл үшін бір күн, иә, бір жыл үшін бір күн белгіледім. 7 Бетіңді қоршауға алынған Иерусалимге+ бұр да, білегіңді сыбанып, оған қарсы пайғамбарлық ет.
8 Қаланы қоршауда ұстайтын күндерің аяқталғанша, бір жамбасыңнан екіншісіне аунай алмауың үшін, мен сені байлап тастаймын.
9 Ал сен бір ыдысқа бидай, арпа, лобия, жасымық, тары, қос дәнді бидай салып қой да, жамбастап жататын 390 күн бойы осыдан өзіңе нан пісіріп же+. 10 Жейтін тамағыңды өлшеммен же, күніне 20 шекелден* асырмай, белгіленген уақытта жеп тұр.
11 Суды да өлшеп, белгіленген уақытта бір тостақтан* іш.
12 Нанды арпа күлше жегендей же. Оны жұрттың көзінше адамның кепкен нәжісіне пісір”. 13 Бұдан кейін Ехоба: “Тап осылай Исраил ұлдары өзім бытыратып жіберген халықтардың арасында арам нан жейтін болады+”,— деді.
14 Ал мен: “Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба! Жастайымнан осы күнге дейін арам өлген малдың не өлексенің етін жеп, өзімді арамдаған жоқ едім+. Арам етті ешқашан аузыма алған емеспін+”,— дедім.
15 Сонда ол маған: “Жарайды, нанды адам нәжісіне емес, сиырдың тезегіне пісір”,— деп жауап берді. 16 Ол сөзін былай деп жалғады: “Адам ұлы, мен Иерусалимдегі азық-түлікті құртамын+. Сол кезде олар қатты абыржып, нандарын өлшеп жейді+, суларын да қатты үреймен өлшеп ішеді+. 17 Мен бұны жейтін нандары, ішетін сулары болмай, бір-біріне аңтарыла қарасын, күнәларының кесірінен құрып жоқ болсын деп істеймін.