Мұсаның 3-жазбасы
5 Әлдекім қылмысқа қатысты куәлік беру керектігі жайлы хабарды естіп*+, сол қылмысқа куә бола тұра немесе соған қатысты жайтты көре не біле тұра, куәлік бермесе, ол айыпты болып, жауапқа тартылады.
2 Егер біреу арам нәрсеге — арам аңның, арам малдың немесе құжынаған арам мақұлықтың бірінің өлігіне+ — тиіп кетсе, мұнысын өзі білмесе де, ол бәрібір арамдалып*, айыпты болады. 3 Ал егер біреу байқаусызда адам денесінен бөлінетін не басқа да арам нәрсеге я арамдалған адамға тиіп кетсе+, мұнысын кейін білсе де, ол бәрібір айыпты болады.
4 Әлдебіреу қандай да бір істі — не жақсылық, не жамандық болсын — істеймін деп асығыс ант беріп, кейін өзінің асығыс ант бергенін түсінсе, ол бәрібір айыпты болады*+.
5 Адам осы айтылған жайттардың біреуіне қатысты айыпты болса, жасаған күнәсін мойындау керек+. 6 Сонымен қатар күнәсі үшін Ехобаға айып құрбандығы+ ретінде отарынан ұрғашы тоқты не жас ешкі әкелсін. Бұл сондай-ақ күнә үшін әкелінген құрбандық болады. Ал діни қызметкер оның күнәсін өтейді.
7 Егер оның ұсақ мал беруге жағдайы келмесе, онда күнәсі үшін Ехобаға айып құрбандығына екі кептер немесе екі жас көгершін әкелсін+. Мұның біреуі — күнә үшін құрбандық, ал екіншісі — түгел өртелетін құрбандық+. 8 Оларды діни қызметкерге әкеліп берсін. Діни қызметкер алдымен күнә үшін құрбандыққа әкелінген құстың мойнын үзеді, бірақ жұлып алмайды. 9 Кейін осы құрбандықтың қанын құрбандық ошағының қабырғасына бүркіп, қалған қанды ошақтың түбіне ағызады+. Бұл — күнә үшін әкелінген құрбандық. 10 Екінші құсты, берілген нұсқауға сай+, түгел өртелетін құрбандық ретінде ұсынсын. Осылайша діни қызметкер әлгі адамның жасаған күнәсін өтейді, сөйтіп, ол кешірімге ие болады+.
11 Ал егер адамның екі кептер не екі жас көгершін әкелуге жағдайы келмесе, ол күнәсі үшін құрбандыққа сапалы ұннан ефаның оннан бір бөлігін*+ алып келсін. Оған май араластырмасын, үстіне ладан да қоймасын. Өйткені бұл — күнә үшін әкелінетін құрбандық. 12 Мұны ол діни қызметкерге әкеліп берсін. Діни қызметкер еске салатын тарту ретінде одан біруыс алып, Ехобаға арнап өртелетін құрбандықтардың үстіне қойып, ошақта жағып жібереді. Бұл — күнә үшін әкелінетін құрбандық. 13 Осылайша діни қызметкер әлгі адамның жасаған күнәсін өтейді. Сөйтіп, ол осы айтылған күнәлардың қай-қайсысын жасамасын, кешірімге ие болады+. Астық тартуы+ сияқты, еске салатын тартудан қалғаны да діни қызметкердің үлесіне тиеді+”.
14 Ехоба сөзін жалғап, Мұсаға былай деді: 15 “Әлдекім Ехобаның қасиетті нәрселеріне қатысты абайсызда күнә жасаса+, адалдыққа жатпайтын бұл әрекет үшін ол айып құрбандығы+ ретінде отарынан Ехобаға еш кемістігі жоқ қошқар алып келсін. Оның құны күміс шекелмен*, қасиетті орынның шекелімен, бағалансын+. 16 Ол қасиетті нәрселердің құнын төлесін және үстіне осы құнның бестен бір бөлігін қосып берсін+. Мұны ол діни қызметкерге беру керек. Діни қызметкер айып құрбандығына әкелінген қошқарды алып, әлгі адамның күнәсін өтейді+. Сөйтіп, ол кешірімге ие болады+.
17 Егер біреу Ехоба тыйым салғандардың бірін жасап, күнәға батса, тіпті мұны білместікпен істесе де, айыпты болады және бұл үшін жауапқа тартылады+. 18 Ол діни қызметкерге айып құрбандығы ретінде отарынан, белгіленген құнға сай, еш кемістігі жоқ қошқар әкелу керек+. Діни қызметкер әлгі адамның білместікпен жасаған күнәсін өтейді. Сөйтіп, оның күнәсі кешіріледі. 19 Бұл — айып құрбандығы. Өйткені ол Ехобаның алдында күнәсі үшін айыпты болды”.