Жүніс
4 Алайда Жүніс бұған ренжіп, қатты ашуланды. 2 Сөйтіп, ол Ехобаға былай деп дұға етті: “Уа, Ехоба, мен осылай боларын өз елімде жүргенде-ақ білдім ғой! Тарсиске+ қашпақ болған себебім де сол еді. Мен сенің жанашыр, мейірбан, қаһарлануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мол+, әрі райыңнан қайтып, жазаламай қоя салатын Құдай екеніңді білгенмін. 3 Уа, Ехоба, жанымды* ала көр, енді тірі жүргенше, өлгенім артық+”.
4 Сонда Ехоба: “Бұған сонша ашуланғаның дұрыс па?”— деді.
5 Бұдан кейін Жүніс Ниневиядан шығып, қаланың шығыс жағындағы бір жерге барып отырды. Ол өзіне күрке жасап алды да, көлеңкесінде отырып, қаламен не боларын күтті+. 6 Ехоба Жүністің мүшкіл халін жеңілдетіп, оған көлеңкесін түсіру үшін асқабақ* өсіріп шығарды. Жүніс оның өсіп шыққанына қатты қуанды.
7 Алайда шынайы Құдай келесі күні таң ата бір құртты жіберді де, ол асқабақты кеміре бастады. Ақырында асқабақ солып қалды. 8 Ал күн көтерілгенде Құдай шығыстан ыстық жел тұрғызды, Жүністің басынан күн өтіп, есінен тана бастады. Сонда ол өзіне өлім тілеп: “Тірі жүргенше, өлгенім артық”+,— деумен болды.
9 Құдай одан: “Асқабақ үшін сонша ашуланғаның дұрыс па?”— деп сұрады+.
Ол: “Ашулануға қақым бар. Ашуланып тұрғаным сонша — тіпті өлуге дайынмын!”— деп жауап берді. 10 Бірақ Ехоба оған былай деді: “Сен өз еңбегіңмен өсірмеген, бір түнде шығып, бір түнде жоқ болған асқабақты аяп отырсың. 11 Ал Ниневияда, көптеген малды+ есептемегенде, оңы мен солын айыра алмайтын 120 000-нан астам халық бар. Ендеше осы ұлы қаланы+ мен қалай аямаймын?!”