Зәкәрия
8 Әскербасы Ехоба маған тағы да сөзін арнады: 2 “Әскербасы Ехоба былай дейді: —Мен Сионды құлшына қорғаймын, құлшынысым зор+. Мен зор қаһарымды төгіп, оны құлшына қорғаймын.
3 Ехоба былай дейді: —Мен Сионға қайта ораламын+, Иерусалимде мекен етемін+. Иерусалим ақиқат* қаласы+ әрі Әскербасы Ехобаның тауы, киелі тау+ деп аталатын болады.
4 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Иерусалимнің алаңдарында ұзақ жасаған кемпір-шалдар+ қолдарына таяқтарын ұстап отыратын болады. 5 Қаланың алаңдары ойнап жүрген балаларға толады+.
6 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Сол күндері осы халықтың тамтығы үшін бұл мүмкін емес болып көрінсе, мен үшін де мүмкін емес пе екен? Міне, Әскербасы Ехоба осыны айтады.
7 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Халқымды шығыстағы және батыстағы елдерден құтқарамын+. 8 Оларды Иерусалимге әкеліп+, сол жерге қоныстандырамын. Олар менің халқым, ал мен олардың адал да әділ Құдайы боламын+.
9 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Пайғамбарлардың аузынан осы сөздерді+ естіп тұрған сендер батыл болып, қолдарыңды нығайтыңдар+. Бұл сөздерді ғибадатхананы соғу үшін Әскербасы Ехобаның үйінің іргетасы қаланған күні де естіген едіңдер. 10 Сол кезге дейін адамға да, жалға алған малға да ақы төленбеген еді+. Дұшпанның кесірінен ешкім емін-еркін жол жүре алмай қалған, өйткені мен адамдарды бір-біріне қарсы қойған едім.
11 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Ал енді осы халықтың тамтығына бұрынғыдай қарамаймын+. 12 Тыныштықтың тұқымы себілетін болады. Жүзімдіктер жеміс салып, жер өнім береді+, аспан да өз шығын түсіреді. Мұның бәрін мен осы халықтың тамтығына мұралыққа беремін+. 13 Уа, Яһуда үйі мен Исраил үйі, бұрын халықтардың арасында қарғыс болып келдіңдер+. Енді мен сендерді құтқарамын, сонда батаға айналасыңдар+. Еш қорықпаңдар+! Қолдарыңды нығайтыңдар+!
14 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Кезінде ата-бабаларың мені ашуландырғандықтан, бастарыңа апат жіберуді ұйғарып, аяушылық жасамаған едім+,— дейді Әскербасы Ехоба.— 15 Алайда осы күндері Иерусалим мен Яһуда үйіне жақсылық жасауды ұйғарып тұрмын+. Сондықтан қорықпаңдар+!
16 Сендер мынаны істеулерің керек: бір-біріңе шындықты айтыңдар+, қала қақпаларының алдында шындыққа сай сот жүргізіп, татулыққа бастайтын шешім шығарыңдар+. 17 Жүректеріңде бір-біріңе жамандық ойламаңдар+, жалған антты жақсы көрмеңдер+,— дейді Ехоба.— Өйткені мен мұның бәрін жек көремін+”.
18 Әскербасы Ехоба тағы да маған сөзін арнады: 19 “Әскербасы Ехоба былай дейді: —Төртінші+, бесінші+, жетінші+ және оныншы айда+ ұстаған ораза күндері Яһуда үйі үшін қуаныш пен шаттыққа толы күндерге, қуанышты мейрамдарға айналады+. Сондықтан шындық пен татулықты жақсы көріңдер.
20 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Басқа халықтар мен көп қаланың тұрғындары келетін уақыт болады. 21 Бір қаланың тұрғындары басқа қаланың тұрғындарына барып: “Жүріңдер, жүріңдер! Ехобадан рақым етуін жалынып сұрайық, Әскербасы Ехобаны жан сала іздейік. Біз де бара жатырмыз”,— дейтін болады+. 22 Көптеген халықтар мен күшті ұлттар Ехобадан рақым етуін сұрау үшін, Әскербасы Ехобаны іздеп, Иерусалимге келетін болады+.
23 Әскербасы Ехоба мынаны айтады: —Сол күндері әртүрлі тілде сөйлейтін барлық халықтардан шыққан он адам+ яһудидің етегіне жармасып, оған: “Біз сендермен барамыз+, өйткені Құдай сендермен бірге екенін естідік”,— дейтін болады+”.